Есек, архивтегі сурет

Алматы көшесіне шығып кеткен есектердің видеосы тарады

4841
(Жаңартылды 21:07 21.02.2021)
Олардың жанында ер адам жүр. Желі қолданушылары ол жануарлардың иесі деген болжам жасады. Қазіргі уақытта полиция видеоны зерттеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан — Sputnik. Желіде Алматы көшесінде жүрген екі есектің видеосы пайда болды.

Ролик авторы оқиға Райымбек және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болғанын жазды.

Олардың жанында ер адам жүр. Желі қолданушылары ол жануарлардың иесі деген болжам жасады. Есектер қайта-қайта қашып кетумен болды. Ер адам әрең дегенде есектердің біріне мінді, бірақ соңында құлап тынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сергек | Алматы | Нур-Султан (@sergek.kaz)

Жануарлар айналадағы адамдар мен көліктерге мән бермеген. Олардың Алматы көшесіне қалай келгені белгісіз.

Қазіргі уақытта полиция видеоны зерттеп жатыр.

4841
Кілт сөздер:
көше, видео, Алматы
Тақырып бойынша
Астанада мешіт құрылысы кезінде төтенше оқиға болды – видео
Байқоңырда жоғалған баланың мәйіті табылды: оқиға орнында түсірілген видео
Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді – видео
Жаңатастағы трагедия: өрт шыққан үйдің көршілері оқиға қалай болғанын айтты
Теміртауда министрлікті алаңдатқан видео пайда болды
Автомобиль скорой помощи

Түркістандағы төрт баланың өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

2091
(Жаңартылды 22:57 27.02.2021)
Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Жеке тұрғын үйден табылған әйел мен төрт баласы иіс тиіп қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"27 ақпан күні Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде 5 адам - 1980 жылы туған әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу мақсатында Шымкент қаласына кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Түркістан қаласының әкімі оқиға орнына барды. Өңір басшысы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

"Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
© Photo : МЧС Республики Казахстан
Бес адамның мәйіті табылған үйдегі газбен жылыту жабдығы

Айта кетсек, бүгін сағат кешкі алтылар шамасында Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

2091
Кілт сөздер:
өлім, Түркістан
Бес адам көз жұмған үй

Түркістанда 4 бала өлі табылды - оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жетті

6892
(Жаңартылды 22:55 27.02.2021)
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Түркістанда жеке тұрғын үйден бес адамның мәйіті табылды, оның төртеуі бала, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік пультіне "103" қызметінен хабарлама түскен. Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде бес адамды көршілері өлі күйінде тапқан, оның төртеуі бала.

"Үйден өрт белгілері жоқ. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлер, жедел жәрдем мен "ҚазТрансГаз" АҚ мамандары жұмыс істеп жатыр.

Министрлік өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

6892
Кілт сөздер:
бала, Түркістан

Дизайнер ең кішкентай иттерге қысқы киім тоқиды видео

0
Модельер Татьяна Гущина "қалта" иттері қыста тоңып қалмауы үшін оларға бас киім, жемпір, тіпті байпақ тоқиды

Сібір тұрғыны Татьяна Гущина ең кішкентай иттерді аязда далаға шығару үшін оларға жылы киімдер тоқып береді. Серуенге осындай сәнді киім киіп шыққан иттерді көргендер тамсанып қарайды. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

0