Поднятие уровня воды на реке Сырдарья

Байқоңырда мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны хабарланды

6428
Қазір екінші баланы іздеу жұмыстарына авиациялық техника, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар арасынан шыққан еріктілер жұмылдырылды

АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып, артынан мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны анықталды. Бала суға тұншығып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресей Федерациясы тергеу комитетінің хабарлауынша, баланың мәйіті Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр понтон өткелінен 500 метр қашықтан табылды.

Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдарының жабылуы салдарынан пайда болған механикалық асфиксия екенін көрсетті.

"Мәйітте басқа дене жарақаты жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық әрекеті жасалғанын куәландыратын дерек жоқ", – делінген ақпаратта.

Қазір екінші баланы іздеу жұмыстарына авиациялық техника, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар арасынан шыққан еріктілер жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіде танымал болған шопан бала ұсталды

Айта кетейік, 21 ақпанда Байқоңырда сегіз жастағы екі баланың жоғалып кеткені белгілі болды. Кейінірек бір баланың денесі табылды.

6428
Кілт сөздер:
Байқоңыр, жоғалып кеткен бала
Тақырып бойынша
ШҚО-да 40℃ аязда көшеде жалғыз жүрген бала табылды
Ақтөбеде 10 жасар бала мектепке кетіп, үйіне қайта оралмаған
Жылқысын тастап, жаяу аттанған: СҚО-да ағайынды екі бала опат бола жаздады
Қазақстан Байқоңыр маңындағы жерді қайтарады – президент заңға қол қойды
Алты жасар қызына зорлық-зомбылық көрсеткен Байқоңыр тұрғынына сот үкімі шықты
Архивтегі фото

"Малсың деген": Желіде тараған видеодағы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты

1564
Дүкенде тұрған 3 қыздың біреуі ер адаммен сөзге келіп қалып, оған "мал" деп айтқан. Ол бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалған, дейді жәбірленушінің анасы

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Павлодарда орталық көшелердің бірінде ер адамның 13 жастағы қызды не үшін тепкілеп тастағаны белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Это Павлодар, детка 🤷🏼‍♂️ (@pavlo.detka)

Айта кетейік, ер адамның жасөспірімді қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда ешкім оған араша болмаған. Оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын телефон арқылы айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде 3 қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жаңағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын", - дейді зардап шегушінің анасы.

Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырып қалған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапты. Алайда ол кінәсін мойындаудан бас тартқан.

Оқи отырыңыз: Павлодарда жасөспірім қызды қуып жетіп, бір тепкен ер адам тергеуге алынды – видео 

Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлады.

Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.

1564
Оқиға орнында түсірілген сурет

Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды видео

1670
(Жаңартылды 15:26 26.02.2021)
Боралдай – Кеген бағыты бойынша санитарлық рейс орындайтын Ан-2 ұшағы тас жол маңына шұғыл қонды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Санитарлық рейс орындайтын "Азия Континенталь" компаниясының Ан-2 ұшағы Алматы облысындағы Боралдай тас жолынан шығысқа қарай бір жарым шақырым қашықта шұғыл қонуға мәбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

"Ұшақ бортында бес адам болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай бүгін сағат 12:30-да болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Тергеу шараларын индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әуе кемелері апаты мен оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында болған еді. Өскемен–Зайсан бағытында санитарлық рейске шыққан Ан-2 ұшағы шұғыл қонды.

Оқи отырыңыз: Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды

Зайсан қаласындағы науқасқа көмек көрсету үшін ұшып шыққан ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болған.

Кейіннен ұшақтың қайта көкке көтерілгені хабарланды.

1670
Кілт сөздер:
Алматы облысы, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Жеке ұшақ, қымбат көлік, бірнеше коттедж: Ертаев пен Ибрагимнің мүлкі тәркіленді
Испан кемпірқосағы мен отқа оранған ұшақ: Aerial Photography Awards 2020 үздік суреттері
Ұшақ бортында ауырып қалған бала Ақтауда қайтыс болды
Индонезиядағы Boeing 737 апаты: құтқарушылар ұшақ жолаушыларының дене бөлшектерін тапты
Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады
Алматыда ұшақ әуежайға қонар кезде оқыс оқиға болды
Ақорда

Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні ауыстырды

0
Ерболат Сембаев Қазақстанның Италиядағы, Болат Сүгірбаев Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттегі елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Сонымен, Ерболат Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз: Президент өзінің көмекшісін лауазымынан босатып, басқа қызметке тағайындады 

Ал Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігіндегі Америка департаментін басқарған.

Интернеттен Ерболат Сембаев пен Болат Сүгірбаевтың бұрынғы жұмысы туралы басқа ақпарат табылмады.

0
Тақырып бойынша
Ринат Зайытов лауазымды қызметке тағайындалды
Назарбаев Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасын тағайындады