Батыс Қазақстанда жол апатынан 6 адам көз жұмды

Алты адам қайтыс болды: БҚО-дағы апатқа байланысты тергеу басталды

10669
(Жаңартылды 18:21 22.02.2021)
Оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы "көлікті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеу басталды

АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Орал-Атырау тасжолында жол апаты болып, алты адам көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Toyota және Lada Priora автокөлігі соқтығысқан.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Алты адам оқиға орнында көз жұмды, бір адам ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жолда көру мүмкіндігі нашарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Жол апаты
© Photo : Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды
Апатқа ұшыраған көліктің іші

Оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы "көлікті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеу басталды.

10669
Кілт сөздер:
жол апаты, БҚО
Тақырып бойынша
Жолдың жиегінде тұрған: Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза болды
Анасы көз жұмды, бала ауруханада: Павлодар облысында жол апаты болды
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін қиды
Зеренді маңында жантүршігерлік апат болды – видео
Алматы облысында перзентхана қызметкерлері мінген көлік апатқа ұшырады – видео
Үйдің кіреберісі

Ақтауда үйдің кіреберісінде болған жағдай видеоға түсіп қалды

2339
Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісіне түлкі кіріп кетті. Оқиға 34-ші шағын аудандағы "Сандықтас" тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Түлкінің бұл жерге қалай жеткені белгісіз.

Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді. 

"Тұрғындар түлкіні пәтерде ұстады деп ойламаймын. Бұл ең шеттегі үй, дала суық болғандықтан, түлкі даладан қашып келді деп ойлаймын", - деді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда көліктің ішіндегі арыстанның суреті жарияланған болатын. Ол жергілікті хайуанаттар бағынан екені анықталды. Алайда жеңіл көлікпен тасымалдауға рұқсат болмаған. Полиция тексеріс жүргізеді.

2339
Кілт сөздер:
видео, Ақтау
Тақырып бойынша
Арыстан өзін сипамақ болған туристің қолын тістеп жұлып ала жаздады – қорқынышты видео
Арыстан әйнектің арғы жағында отырған балаға тап берді – қорқынышты видео
"Ататын мылтық жоқ": Атырау облысында қасқыр қаптап кетті
Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындарына қасқыр шапты
"Қасқыр ұстайтын бүркіт те бар": 14 жасар құсбегі ата кәсібі жайлы айтып берді
Архивтегі фото

Қазақстандықтар таратып жатқан жантүршігерлік видео қайда түсірілгені белгілі болды

7975
(Жаңартылды 16:03 07.03.2021)
Stopfake.kz порталы Нұр-Сұлтан қаласында түсірілді делінген видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін жазды

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде бірнеше адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның видеосы тарады.  

Роликтің астына: "Нұр-Сұлтан әкімдігі 8 наурызға орай көпбалалы аналарға 17 доллардан беріп жатыр", - деп жазылған.

Stopfake.kz порталы ол Қазақстанда түсірілмегенін хабарлады. Бұл онсыз да түсінікті еді, өйткені видеода адамдар не қазақша, не орысша сөйлемейді.

Кадрдан көпқабатты ғимараттың жоғарғы қабатындағы галереяда көптеген адам кептеліп қалғанын көруге болады. Таяныш қысымға шыдамай, сынып кетіп, бірнеше адам құлап кетеді.

Бұл видео Боливияда, Эль-Альто университетінде түсірілген. Трагедия студенттер жиналысқа бара жатқан кезде болған. Салдарынан бес адам көз жұмды, тағы үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан полициясы "қыздың елесі жүрген" ауылды тексерді – видео 

7975
Алматыда 500-ден астам әйел көшеге шықты

Алматыда 500-ден астам әйел көшеге шықты - фото

0
(Жаңартылды 16:10 08.03.2021)
Алматы қаласында әйелдер маршына 500-ден астам шықты. Негізгі ұраны - "Феминизм Қазақстанды құтқарады!"

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Алматыда жүздеген әйел көшеге шықты. Жергілікті билік әйелдер маршын өткізуге алғаш рет рұқсат беріп отыр, деп хабалайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін "Feminita" феминистік тобы әлеуметтік желідегі парақшасында әкімдіктің әйелдер маршына рұқсат бергені жайында хабарлаған болатын. Осы топтан бөлек акция ұйымдастырушыларының қатарында "КазФем", "ФемСреда", "SVET" қоры мен FemAgora да бар.

Маршқа қатысушылар әйелдер құқығын қорғау үшін көшеге шыққанын айтып отыр. Ал негізгі талаптары - тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды күшейту, бірдей еңбекақы енгізу, "әйелдерге тән емес" кейбір мамандықтарға жол ашу. Акцияға шыққандар Ганди атындағы саябақта кездесті. Ол жерге, шамамен, 700-дей адам келді. Бұл феминистік қозғалыстың Алматыда ресми түрде рұқсат берілген ең ірі маршы болып саналады. Оған қатысушылар Шевченко көшесімен Жароковтан бастап Қонаевқа дейін плакат ұстап, жүріп өтті.

Бүгінгі маршқа байланысты Шевченко көшесінде көлік қозғалысы уақытша жабылды. Қатысушылардың алдында полиция көлігі жүрді. Жедел жәрдем де болды.

"Біз әйелдер митингін 2017 жылдан бері өткізуге тырыстық. Бүгін мақсатымызға жеттік", - дейді ұйымдастырушылар.

0