Оқиға

Шымкенттік журналист өзін полицейлер соққыға жыққанын мәлімдеді

© Sputnik / Анна Соловьева / Медиабанкке өтуМассовая драка, архивное фото
Массовая драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Тілші репортаж жасау үшін өрт болған жерге келген. Алайда полицейлер жұмыс істеуіне кедергі болғанын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Шымкентте "Астана" теларнасының тілшісі Бахрамбек Тәлібжановты полицейлер соққыға жықты, деп хабарлайды "Әділ сөз" қоры.

Оқиға 2 наурызда болған. Түнде көлік бөлшектері қоймасынан өрт шықты. Журналист репортаж жасау үшін оқиға орнына жетті. Алайда тәртіп сақшылары видео түсіруге кедергі болған.

"Үш полицей Бахрамбек Тәлібжановтың қолын бұрап, біреуі бетінен, кейін бүйрек тұсынан соққы жасады. Осы уақытта Бахрамбектің әріптесі 31-арна тілшісі Бахром Әбдуллаев келді. Ол оқиғаны телефонға түсіре бастады. БАҚ өкілдерін Абай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді", - деді қорда.

"Астана" арнасының тілшісі болған оқиғаға байланысты арыз жазды.

Шымкент полиция департаментінде қызметтік тексеріс басталды.

"2021 жылдың 2 наурызында Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Е. Жұмаханбетов республикалық арналардың тілшілерімен кездесті. Болған жағдай талқыланды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметтік тексеріс аяқталғанға дейін сабыр сақтауға шақырды.

Жаңалықтар
0