Оқиға

Алматы облысында мас жүргізуші бір топ оқушыны қағып кетті

CC0 / / Көлік дөңгелегі
Көлік дөңгелегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Көліктен төнген қауіптен бір бүлдіршін ғана жалтарып үлгеріп, басқалары ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Алматы облысында мас жүргізуші бір топ оқушы қызды қағып кетті. Олардың үшеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға орнынан ұялы телефон камерасына түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадр сыртында автор мектептен қайтып келе жатқан төрт баланы көлік қағып кеткенін айтады. Көліктен төнген қауіптен бір бүлдіршін ғана жалтарып үлгерген, ал басқалары ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданындағы Қорам ауылында болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Бұл деректерді жергілікті денсаулық сақтау басқармасы растады. Қазіргі кезде жарақат алған үш оқушы қыз Шелек ауылдық ауруханасында дәрігерлер бақылауында екендігі хабарланды.

"Екі қыздың жағдайы өте ауыр. Олардың жамбасы мен аяқтары сынып, бас миының ісінуі сияқты бірнеше жарақат салдарынан 3-4 дәрежелі комаға түсті. Екеуі де жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – деді дәрігерлер.

Полицейлер балаларды қаққан УАЗ көлігінің жүргізушісі 54 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол мас күйінде көлік тізгіндеген. Қазіргі кезде күдікті қамауға алынған.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда көлік тоқтатып тұрған ауыл тұрғынын "ГАЗель" қағып кетті

Тиісті сараптамалар тағайындалып, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345/1-бабының 2-бөлігі (жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, мас күйде көлік құралын басқару, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0