Оқиға

Оралда бозбала көпірден секіріп, мерт болды

© Photo : Министерство индустрии и инфраструктурного развитияЖолайрық
Жолайрық - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жігіт шамамен он жеті жаста

АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Оралда бозбала көпірден секіріп, көз жұмды. Оқиға 4 наурыз күні таңғы 07:00-де болған, деп хабарлады жергілікті "Мой город" басылымы.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жасөспірім Деркөл кентіндегі жол өткелінен секіріп, қайтыс болды.

"Жеке басы әлі анықталған жоқ. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция департаменті.

Ал Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем станциясына қоңырау 7.01-де түсті. Жігіт шамамен 17 жаста.

Оқи отырыңыз: "Жіберме ананы!": қостанайлық бойжеткеннің оқыс әрекеті видеоға түсіп қалды

Айта кетейік, қаңтар айында Семейде жас жігіт көпірден секіріп мерт болды. Әлеуметтік желіде жігіттің өзіне қол салған сәті түсірілген видео тарап кетті. Видео сол маңнан көлікпен өтіп бара жатқан адамның телефон камерасына кездейсоқ түсіп қалған.

Жаңалықтар
0