Оқиға

Қара түтін қаптады: өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтанның сол жағалауына шұғыл жетті – видео

© Photo : Официальный сайт акимата Нур-Султана Өрт сөндіру машинасы
Өрт сөндіру машинасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Тұрғын үй шатырынан будақтаған қою қара түтінді куәгерлер Достық көшесіндегі ғимараттың үстінен түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Елордада "Халықаралық сауда орталығы" тұрғын үй кешені ғимаратында өрт шықты.

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Үш техника мен 13 қызметкер оқиға орнына келгенде "Дастархан" дәмханасының ішіндегі ас бөлме мен желдету жүйесінде өрт шыққаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші көз жұмды: Ақсуда қайғылы оқиғаның қалай болғаны айтылды

Желіде жарияланған видеода қою қара түтін мен өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресіп жатқанын көрінеді. 

Мамандардың айтуынша, өрт сағат 12.10-да оқшауланған.

Жаңалықтар
0