Өңірлер

Мәйітті бөлшектеген: Қарағандыдағы қанды қылмыстың жай-жапсары анықталды

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Қылмыскер бөлшектелген денені қоқыс қалташаларына салып, түнделетіп сол маңдағы бірнеше қоқыс жәшігіне бөліп тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қарағанды тұрғыны бөтелкелесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастағаны хабарланған болатын. Қанды қылмыстың жай-жапсары жария етілді.

Жан түршіктірерлік оқиға Университеттік көшесі 19-шы үйде болған. Бұл – сол маңдағыларға танымал Арман есімді жігіттің пәтері.

Көршілердің айтуынша, 2 наурыз күні ол бірнеше бөтелке арақ алып, көршісі Даниярды қонаққа шақырыпты. 37 жастағы жігітті мұнан соң ешкім көрмеген, деп хабарлады "Астана" арнасы.

"Мен Арманмен араласып тұратынмын. Сол күні оған қоңырау шалдым. Данияр сенің қасыңда ма? - деп сұрадым. Ол жоқ, көрмедім деп тұтқаны тастай салды. Ол екеуі бірге ішкені анық. Пышақ сілтеген. Данияр қарсы келген, ал анау күштілік танытқан болып тұр шамасы", - дейді куәгер Александр Постников.

Туыстары Даниярды үш күн бойы іздеген. Ал көршісі сол кезде бөлшектелген денені қоқыс қалташаларына салып, түнделетіп сол маңдағы бірнеше қоқыс жәшігіне бөліп тастаған. Қазір осы оқиғаның ізімен қылмыс іс қозғалған.

"33 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп атап өтті Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Көршілердің білуінше, күдікті жиі ішімдік ішіп, айналасындағыларға әлімжеттік жасайтын болған. Есірткіге де әуестігі бар деп қалды. Кісі өлтірген 33 жастағы азамат мұнда жалғыз тұрады. Жүйкесі сыр бергендіктен туыстары оны жалғыз қалдырған дейді тұрғандар. Ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмыспен сегіз жыл жазасын өтеп шыққан.

Жаңалықтар
0