Оқиға

Алматы облысында белгісіз біреу баланы қағып, иесіз қалған үйге апарып тастаған

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Баланы ауылдың 50 тұрғыны іздеуге кіріскен. Нәтижесінде жарақат алған қыз жол бойына жақын жердегі иесіз қалған үйден табылды. Ол кезде бала тірі еді

АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Алматы облысында баланы қағып, оқиға орнынан бой тасалаған көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр. Ол жарақат алған баланы иесіз қалған үйге қалдырып, өзі қашып кеткен, деп хабарлады КТК.

Салдарынан үш жасар қыз көз жұмды. Алайда бұл істе күдіктілер де жоқ. 10 ай бұрын Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында белгісіз адам үш жасар қызды қағып кетті. Баланың үй маңында жоқ екенін білгеннен кейін ауылдың 50 тұрғыны оны іздеуге кіріскен. Нәтижесінде жарақат алған бала жол бойына жақын жердегі иесіз қалған үйден табылды. Ол кезде бала тірі еді.

"Оқиға 1 мамырда болды. Баланы үйден, ауладан таппаған соң бірден іздей бастадық. Мөлдірді иесіз қалған үйден тапқан кезде тірі еді. Оны қағып кеткен адам бірден ауруханаға апаруы керек еді, ал ол тастап кетті. Оны кейін көрген кезде танымай қалдым. Қабырғалары сынған, басы зақымданған. Бізге кінәлі адамды табуға уәде берді, алайда әлі ешкімді ұстаған жоқ", - дейді қайтыс болған баланың анасы Перизат Өтелбаева.

Дүкен жанына тастап кеткен: Кентауда 6 жасар баланы көлікпен қаққан жүргізуші ұсталды

Бала жансақтау бөлімінде бір күнге жуық уақыт жатты. Алайда оны құтқару мүмкін болмаған.

Туыстары апатқа кінәлі адамның қылмыс ізін жасыруға тырысқанына сенімді. Сол оқиғадан бері 10 ай өтті, алайда көлік жүргізушісі әлі табылмады. Оқиға куәгері де, бейнебақылау камералары да жоқ. Себебі ауыл көшелеріне бейнебақылау орнатылмаған.

Жаңалықтар
0