Оқиға

Алматыда қызды автобус қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды

© Sputnik / СтрингерАвтобус сбил женщину в Алматы
Автобус сбил женщину в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2021
Жазылу
Жас қыз автобус жақындағанда жолға жүгіріп шыққан. Жолаушылар көлігі оны соғып тоқтайды. Қыз бала бірнеше метрге ұшып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде қызды қағып кеткен автобустың видеосы жарияланды. Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода жас қыздың жол жиегінде тұрғанын көруге болады. Сол жақтан келе жатқан автобус жақындағанда жолға жүгіріп шығады. Жолаушылар көлігі оны соғып тоқтайды. Қыз бала бірнеше метрге ұшып кеткен. Болған оқиға қарсы жолақпен келе көліктің бейнетіркеуішіне жазылып қалған.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 9 наурызда таңғы сағат 08:30-да болған. "Лиаз" маркалы автобус Жангелдин көшесімен келе жатқан. Ал Пестковский көшесіне жақындағанда 18 жастағы қызды соққан. Жолаушы бағдаршамы жоқ жолаушылар өткелінен өтпекші болды. Ол жерде белгі бар. Бірақ жолаушылар өткелінің жолағы сызылмаған.    

"Жолаушы дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу шараларын бастап кетті", - дейді құқық қорғаушылар.

Жаңалықтар
0