Оқиға

Ақмола облысында мектепте жарылыс болды

© Департамент по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Взрыв произошел в котельной школы
Взрыв произошел в котельной школы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Жазылу
Қазіргі кезде қазандықтың қалай жарылғаны анықталып жатыр. Ол мектепке жапсарлас салынған құрылыстың ішінде болды. Жарылыс кезінде қабырғаның бір бөлігі опырылып түскен

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында Абай атындағы мектепте жарылыс болды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі балалар қашықтан білім алып жүр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Аршалы аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сәйкес, қазандық бүгін күндіз сағат 13:10-де жарылған. Балалар қашықтан оқып жүргеннен кейін мектепте көп адам болмаған. Жарақат алғандар жоқ.

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Мектепте жарылыс болды
Ақмола облысында мектепте жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2021
Мектепте жарылыс болды

Ал аудандық білім бөлімінің басшысы Мереке Молдахметов мектепте 114 бала оқып жүргенін айтты.

"Жарылыстың себебі белгісіз. Қазір сол жаққа бара жатырмыз. Таңға дейін бәрін қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз", - деді ол телефон арқылы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қазандық мектепке жаспарлас салынған құрылыстың ішінде болған. Жарылыс кезінде қосымша үй-жай мен мектептің арасындағы қабырғаның бір бөлігі опырылып түскен. Бірақ бұл төбені тіреп тұрған қабырға емес. Қазандық "Орталық жылу таратушы компания" ЖШС-іне сенімді басқаруға берілген.

Жаңалықтар
0