Оқиға

Теміртауда ЖЭО-да төтенше оқиға болды: екі адам ауруханаға жеткізілді

© SputnikКолония чрезвычайной безопасности ЕЦ-166/5
Колония чрезвычайной безопасности ЕЦ-166/5 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Зардап шеккендердің бірінің денесінің 90 процентін күйік шалған. Екінші адамда бұл көрсеткіш 25 процент

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. Теміртауда ЖЭО-2 механикалық цехының шеберханасында ішінде бояу бар ыдыс жарылды. Екі қызметкер ауруханаға жеткізілді. 

"АрселорМиттал Теміртау" хабарлауынша, 11 наурызда цехте балқытып біріктіру жұмысы жүріп жатқан. Сол кезде жалын шықты. Темір ұстасы мен жөндеуші алшақ кетіп үлгермеді. Кәсіпорында жөндеу жұмыстары тоқтатылды.

Зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Боран болғандықтан Қарағандыға жіберілген жоқ. Білікті дәрігерлер Теміртауға барды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"1971 жылы туған пациентте: дененің 25%-інің күю, III А, Б дәрежесі. Екінші адамның денесінің 90 процентін күйік шалған, III Б, IV дәрежесі. Бұл ауыр, терең күйік. Теміртау орталық ауруханасына реаниматолог, комбустиолог және күйікті емдеумен айналысатын мамандардан құралған арнайы бригада жіберілді", - деді  Х. Мақажанов клиникасының травматологы Ерік Шонбаев.

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті оқианың себебіне алдын ала болжам жасады. Отпен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздік ережелері бұзылуы мүмкін.

Төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бас мемлекеттік инспектор өкімімен комиссия құрылды.

Жаңалықтар
0