Ан-26 ұшағы құлаған жер

Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза болған әскеридің жұбайы: Әлі есеңгіреп тұрмын

675
(Жаңартылды 08:02 17.03.2021)
36 жастағы Ғабит Барлықбаевтың артында аңырап жан жары мен кәмелет жасына толмаған үш бірдей баласы қалды  

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Алматы облысында әуе апатынан опат болғандар жер қойнына тапсырылды. Қызмет барысында қаза тапқан 4 әскеримен туыстары, әріптестері мен ауылдастары қоштасты. Сол апаттан зардап шеккен бір науқастың жағдайы жақсарып келеді дейді дәрігерлер. Тек экипаж командирі Артем Аширов әлі хәл үстінде жатыр, деп хабарлады КТК.

Авиация бөлімінің штурманы Ғабит Барлықбаевпен қоштасу рәсімі өзі туып-өскен Алматы облысының Бақтыбай ауылында өтті. Қара жамылған отбасы антына адал болған атпалдай азаматтың қазасына көндігуден басқа амал жоқ деп отыр.

Алматы түбіндегі ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты – ТЖМ

"Кеңес үкіметі кезінде ұшқыш болуды армандадым. Бірақ орайы келмеді. Сосын балаларым ұшқыш болса екен деп армандадым. Балаларым үмітімді ақтады. Ғабитөгім өз ісінің маманы болды. Халқына адал қызмет етіп, антын орындады", - дейді майор Барлықбаевтың әкесі Есімде Барлықбаев.  

36 жастағы Ғабиттің артында аңырап жан жары мен кәмелет жасына толмаған үш бірдей баласы қалды.   

"Отбасы болғалы еркелеп, ештеңеге алаңдамай жүрдік. Өзі бәрін реттейтін. Әлі есеңгіреп тұрмыз. Көзің ашық тұрса да, сенбейсің. Бәрі түс сияқты. Шейіт кетті ғой. Жұмаққа барады. Сол ғана мені тыныштандырады. Бізге уайымдамай, сол жақта алаңсыз жүрсін деп өз-өзімді ұстап тұрмын", - дейді  Барлықбаевтың жары Гүлзира Орманбекова.

Қызмет басында бақилық болған тағы үш әскериді де туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Ал Алматы қаласының бас дәрігері қайғылы оқиғадан зардап шеккен бір азаматтың өміріне төнген қауіп сейілгенін айтты. Тек 31 жастағы экипаж командирі Артем Ашировтың жағдайы әлі өзгеріссіз. Оның хал-ахуалын білуге ауруханаға курстастары келді.

"Мамандығын жақсы көретін. Әр ұшқыш өз мамандығын жақсы көреді. Танитын адамың осындай жағдайда жатқаны қиын екен. Тез жазылып кетсін. Әйелі мен екі баласы бар. Бір баласы жақында туған, қырқынан да шықпады", - дейді Ашировтың курстасы Бақтияр Ақмурзинов.

Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан қаласынан көкке көтерілген Шекара қызметінің Ан-26 әскери ұшағы Алматы әуежайының ұшып-қону жолағына жете алмай құлап, лезде отқа оранған болатын. Әуе кемесінің бортында болған 6 адамның төртеуі оқиға орнында қаза тапты. Қазір арнайы құрылған комиссия апаттың себебін анықтап жатыр.

675
Кілт сөздер:
ұшақ апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Ұшақ жүріп бара жатқан автокөліктің үстіне құлады – жантүршігерлік видео
Алматы маңында құлаған ұшақ "қара жәшігін" тексеру басталды
Алматы маңында ұшақ құлады: қайтыс болғандардың тізімі жарияланды
Алматы маңындағы ұшақ апаты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты
Өзбекстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты  
Қазақстанда ұшақ апатынан көз жұмған әскерилерді жерлеу рәсімі өтті
Отқа оранған тұрғын үй

Тілсіз жау 4 адамның өмірін жалмады: Павлодарда тұрғын үй отқа оранды видео

1574
(Жаңартылды 10:52 10.05.2021)
Тілсіз жау он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шығып, 56 шаршы метр аумақты шарпыды

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Павлодарда көп қабатты үй пәтерінен шыққан өртте екі әйел мен ер адам және бір бала қаза тапты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Камзин көшесіндегі №364 үйде шыққан өрт туралы хабар кезекші бөлімге 9 мамырда сағат 21.02-де түскен.

Тілсіз жау он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шығып, 56 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Четыре человека погибли при пожаре в жилом доме в Павлодаре
© Photo : ДЧС Павлодарской области
Өрт салдарынан төрт адам қайтыс болды

Өрт сөндірушілер кіреберістен 25 тұрғынды эвакуациялады, оның төртеуі балалар. 21.30-да өрт оқшауланып, 21.48-де толық сөндірілді.

Пожар в квартире в Павлодаре
© Photo : ДЧС Павлодарской области
Өрт 56 шаршы метр аумақты шарпыды

"Пәтер ішінен әйел адамның, ал баспалдақ маңынан ер мен әйелдің және бір баланың мәйіті табылды. Олардың барлығы да иіс тиіп уланған", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мейрамбек Батырқұлов.

Пожар в квартире в Павлодаре
© Photo : ДЧС Павлодарской области
Әп-сәтте күлге айналған пәтер

Оқиға орнында 28 маман жұмыс істеп, өрт сөндіруге 8 техника мен сынамалы өрт сөндіру зертханасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, тұрғындардың отқа ұқыпсыз қарауы өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

1574
Кілт сөздер:
Павлодар, өрт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда сауда үйінің жанындағы жеке үй өртенді – видео
"Бұл – сұмдық": Солтүстік Қазақстанда жеті үй өртеніп кетті – видео
Қонақ үй, дәмхана, базар: Арыстанбек Мұхамедиұлы қалай байығанын ашық айтты – видео
Журналистер атыс болған "Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніне барды – видео
Көкшетауда 16 үй өртеніп кетті
Виды Нур-Султана ночью

Астаналық жігіттің көпірден секірген видеосы желіде тарады

2585
(Жаңартылды 09:10 10.05.2021)
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен сәтте жас жігіт көпірден секіріп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Астаналық жігіт "Қазақстан" спорт кешенінің маңындағы көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал оқиға сәтінде түсірілген видео Instagram желісіндегі kris.p.astana парақшасында жарияланды. Ақпаратқа сәйкес, мас адам "Қазақстан" спорт кешенінің көпірінен секіріп кеткен. 

Оқиға 9 мамырда таңертең болған және көпірден суға секірген адамды полиция қызметкерлері құтқарды.

"9 мамырда сағат 04:30-да полиция департаментінің жедел басқару орталығына ер адамның Қажымұқан көшесінің бойындағы "Қазақстан" спорт кешені маңындағы көпірден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті. Полицейлер оқиға орнына жеткен сәтте жас жігіт көпірден секіріп үлгерді", – делінген хабарламада.

Жігітті құтқару үшін тәртіп сақшылары да суға түсіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.

Тексеру нәтижесінде 22 жастағы астана тұрғыны мас күйде болғаны анықталды.

"Оқиға орнында дәрігерлер көмегі ұйымдастырылды және қазіргі кезде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметі.

Оқи отырыңыз: Дыбыс зорайтқышпен ән салған: арыстық жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан қуылды – видео

2585
Кілт сөздер:
көпір, Астана
Тақырып бойынша
Қарағандылық әйел үйдің терезесінен секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
Алматыда полициямен атысқан ер адам 17-ші қабаттан секіріп кетті
Алматылық әйел оныншы қабаттың терезесінен секіріп кетті
Бүкіл отбасы үйде болған: Нұр-Сұлтанда 22 жастағы қыз он бірінші қабаттан секіріп кетті
Оралда 20 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Батут

Орал саябағында тағы төтенше жағдай: батутта ойнап жүрген балалар өлім аузынан қалды

45
Бұл бір аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні орталық бақта орналасқан аттракционнан ақау шығып, сегіз бала жарақаттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Оралда саябақта балалар ойнап жүрген кезде, кенеттен батуттың желі шыға бастаған. Оқиға болған кезде аттракционда 20-дан астам бала болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Оқиға 9 мамыр күні сағат 18.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған. Саябақта орнатылған батут балалар ішінде болған сәтте аяқ астынан желі шыға бастайды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеороликпен бөлісті. 

"Батут кішкентай емес, биік және көлемді. Оның ішінде түрлі жастағы 20-ға жуық бала болды. Ата-аналар балаларды құтқару үшін бірден аттракционға жүгірді. Кішкентай балалар қорқып, жылап жатты. Кіре берістегі қыз жай ғана бұл оның батуты екенін айтты, тіпті кешірім де сұрамады. Электр қуатының өшірілгенін жеткізді", - дейді Самал есімді қала тұрғыны.

Оның айтуынша, балалар ауыр жарақат алған жоқ, бірақ қатты қорқып қалған.

"Аттракционның иесі ақшаны қайтарғысы да келмеді, кейіннен қайтарып берді. Әңгіме ақшада емес, оқиғада ғой. Егер балалардың бірі ауыр жарақат алса немесе Құдай сақтасын, қайтыс болып кетсе ше? Сонда нағыз қаза болар еді. Бұл аттракциондар неге тексерілмейді? Қосалқы генераторлар неге жоқ? Саябаққа батут неге қояды? Бұл демалыс орны емес пе, аттракционнан аяқ алып жүре алмайсыз. Балаға қауіпті екенін қалай түсіндіруге болады? Жақында ғана аттракционға байланысты оқиға болған еді", - дейді әйел.

Оқи отырыңыз: Оралда ата-аналар әткеншекке мінген балаларын күтіп тұрғанда күтпеген оқиға болды

Бұл арада қалалық мәдениет және демалыс саябағының директоры Жасұлан Сәкенов болған жайттан хабарсыз екенін, бірақ тексеріс жүргізілетінін айтты.

"Кеше демалыс болды, мен кешке дейін жұмыста болдым, бірақ маған бұл жағдай туралы айтылмады. Электр қуаты кеше шынымен сөніп қалды, соған байланысты орын алған оқиға шығар. Бүгін біз қызметтік тексеріс жүргіземіз", - деп атап өтті Жасұлан Сәкенов.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл аптадағы екінші жағдай. 2 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында төтенше жағдай болды. "Калейдоскоп" каруселі кенеттен тоқтап, креслода отырған балалар бір-біріне соқтығысты. Сегіз бала жарақаттанды.

45
Кілт сөздер:
Орал, саябақ, батут
Тақырып бойынша
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Жантүршігерлік видео: Қостанайда батут ұшып кетті
Қарағандыдағы трагедия: батуттың иесі ұсталды
Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті