науқас

Теміртаудағы жарылыс: зардап шеккен жұмысшы көз жұмды

2300
(Жаңартылды 14:15 17.03.2021)
Жылу электр орталығындағы жарылыстан екі жұмысшы зардап шекті, бірінің денесінің 90 процентін күйік шалған

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Теміртауда "АрселорМиттал Теміртау" жылу электр орталығындағы жарылыс кезінде зардап шеккен жұмысшының бірі көз жұмды, деп хабарлайды EKaraganda.kz.

Қайғылы оқиға 11 наурызда болды. ЖЭО-2 механикалық цехтың шеберханасында балқыту кезінде от шығып, ішінде бояуы бар ыдыс жарылған. Ғимарат ішінде жұмыс жасап жатқан темір ұстасы мен жөндеуші маман оттан қашып үлгермеді. Жұмысшының бірі 90 процент дене күйігін алса, екіншісінің денесінің 25 проценті күйіп қалды. Зардап шеккен азаматтарды боран салдарынан Қарағандыға жеткізу мүмкін болмады, мамандарды Теміртауға алдыртты.

Сәрсенбі күні 90 проценттік дене күйігімен ауыр халде ауруханаға жеткізілген 50 жастағы ер адамның 15 наурызда қайтыс болғаны белгілі болды.

Осы жағдайдан кейін ЖЭО-да жөндеу жұмыстары тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында мектепте жарылыс болды

Еске салсақ, 24 ақпанда ЖЭО-да дер кезінде жөндеу жұмыстары жүргізілмеуінің салдарынан Теміртау аязды күндері жылусыз қалды. Жылу беруді қалпына келтіруге үш күн кетті.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ЖЭО-2 аумағындағы жетінші қазандықты салуды биыл аяқтауды тапсырды. Өңір басшысы атап өткендей, "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорны карантинді желеу етіп жөндеу жұмыстарын созып келген.

2300
Кілт сөздер:
Теміртау
Архивтегі сурет

Көкшетауда бір жасар сәби терезеден құлап кетті

1998
(Жаңартылды 17:19 15.05.2021)
Бүлдіршін терезеден далаға қарап отырған. Абайсызда құлаған кішкентай қыз оқиға орнында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында сәби жетінші қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл Ақмола облысында көктем басталғалы үшінші жағдай.

"14 мамыр күні кешкі сағат 18:55 шамасында жедел жәрдем фельдшерінен  хабарлама келіп түсті. Ол Абылай хан көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жетінші қабатынан баланың құлап кеткенін айтты. Бүлдіршін терезенің алдында далаға қарап отырған", - деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болған кішкентай қыз 2019 жылы туылған.

Оқи отырыңыз: Отағасы ұйықтап жатқан: Терезеден қарап отырған әйел қызынан көз жазып қалды

Аталған факт бойынша полиция қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

1998
Кілт сөздер:
Көкшетау, балкон, қайтыс болды, терезе, сәби, бала
Тақырып бойынша
Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды – видео
Шымкентте жасөспірім қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды
Ақтөбе облысында терезеден құлап кеткен бір жасар сәби ауруханада көз жұмды
Мас болған: Оралда жасөспірім қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті
Жанып жатқан көлік

Шығыс Қазақстан облысында өртенген жүк көлігінен екі адамның мәйіті табылды

2604
Өскемен - Алтай тас жолының 25-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан көлік өртеніп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Өскемен-Алтай тас жолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады құтқарушылар.

Volvo автокөлігі белгісіз себептерге байланысты аударылып қалған. Осыдан кейін автокөлік өртене бастаған.

Тела двух человек нашли в сгоревшем грузовике
© Photo : ДЧС ВКО
Жүк көлігі өртеніп кетті

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндірді.

Оқи отырыңыз: Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік жарылды – видео

Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды, олардың кім екендігі анықталуда. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі.

2604
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, өрт, мәйіт, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам көз жұмды
Алматы полициясы мылжа-мылжасы шыққан ондаған мәйіт туралы видеоға түсініктеме берді
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші апат орнынан қашып кетті
Жаяу адамды басып кетті: Алматыда атышулы жол апатына кінәлілер сотталды – видео
Туысының көлігін ұрлап мінген: Шымкентте жасөспірім сұмдық жол апатын жасады – видео
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1049
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1049
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы