Ақтөбе облысындағы жол апаты

14 жастағы бала да бар: Ақтөбе облысында жантүршігерлік апат төрт адамның өмірін қиды

7483
Ізімбет елді мекенінің маңында екі LADA Priora соқтығысқан. Қаза болғандар арасында 14 жастағы жасөспірім бар

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында сәрсенбі күні адам өліміне әкеп соққан жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

40 жастағы LADA Priora жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағашқа қарай келе жатқан. Қандыағаш-Ембі-Шалқар тас жолының 61-ші шақырымында ол алдындағы көлікті басып озамын деп, қарсы беттегі басқа LADA Priora-мен соқтығысты.

Смертельное ДТП произошло в Актюбинской области
© Photo : ДП Актюбинской области
Ақтөбе облысындағы жол апаты

Жол апаты салдарынан жүргізуші, сондай-ақ, 32 жастағы әйел мен 14 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Үш жасар қыз Ембідегі орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Смертельное ДТП произошло в Актюбинской области
© Photo : ДП Актюбинской области
Ақтөбе облысындағы жол апаты

Екінші автокөліктің жүргізушісі мен алты жолаушысы ауруханаға жеткізілді. 51 жастағы жолаушы әйел медициналық мекемеде есін жимастан жан тапсырды.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

7483
Кілт сөздер:
жол апаты, Ақтөбе облысы
Тақырып бойынша
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды – видео
Анасы көз жұмды, бала ауруханада: Павлодар облысында жол апаты болды
Төрт адам көз жұмды: Алматы облысында жол апаты болды
Бес адам көз жұмды – Қарағанды облысында жол апаты болды
Жол, асфальт, архивтегі сурет

Ақмола облысында жол жиегінде болған қайғылы оқиғаның видеосы тарап кетті

1705
(Жаңартылды 18:38 17.04.2021)
Жүк көлігі еріген қар суына толы шұңқырға аударылды. Кабинада отырған ер адам оқиға орнында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Шортанды ауданында карьерлердің біріне жақын маңда жүк көлігі еріген қар суына толған жол жиегіне аударылды. Рөлде отырған 27 жастағы ер адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан бірнеше ер адам техниканың көмегімен жол жиегінде батып қалған жүк көлігін шығаруға тырысып жатқанын көруге болады. Машина бірнеше секундқа жолға шығады, алайда кейін батпақ пен қар суына толған шұңқырға құлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NewsMakers (@newsmakers.kz)

Шортанды ауданының әкімдігі трагедия 16 наурыз күндіз үштер шамасында Бектау ауылдық округіне жетпей, Шортанды-Жолымбет жолының учаскесінде болғанын нақтылады.

"Шансиман" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмады. Машина алдымен қара жолдың жиегіне аударылды. Кейін оны бульдозермен шығармақ болғанда, еріген қар суына толған шұңқырға батып кетті, жүргізуші қаза болды", - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жүк көлігі "Гранит +" ЖШС карьеріне қиыршақ тас алу үшін барған. Шыға берерде жол апаты болды. Карьер жұмысшылары көлікті шығарып, жүргізушіні құтқаруға тырысты.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті

Көз жұмған ер адам – 1994 жылғы Мақсат Данияров, Қызылорда облысының тумасы. Полиция марқұмның денесін Нұр-Сұлтанға сараптамаға жіберді.

Бектау ауылдық округінің әкімдігі мерт болған жігіт аталған жүк көлігінің жүргізушісі емес екенін мәлімдеді. Жүк көлігі аударылғаннан кейін, марқұм рөлге отырып, көлікті алып шықпақшы болған, алайда өзі көз жұмды.

Аудандық әкімдіктің ақпаратынша, жүргізуші – 1981 жылғы Абылайхан Мұхамеджанов. Елордада тұрады.

"Шансиман" автокөлігі елордалық "Альстрой Транс Групп" фирмасына тиесілі.

Sputnik Қазақстан түсініктеме үшін Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

1705
Кілт сөздер:
видео, жол, жүк көлігі, Ақмола облысы
Тақырып бойынша
Төрт адам жол жиегінде тұрған: жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды
Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті: арасында екі бала бар
Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды
"Жедел жәрдемнің" тежегіші істен шыққан: Алматыда жаппай жол апаты болды
Құтқарушылар, архивтегі фото

Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеуге келген құтқарушының өзі суға кетті

1844
(Жаңартылды 14:25 17.04.2021)
Кешке тақау іздеу аяқталар тұста кенеттен жел тұрып, екі метрлік толқын пайда болған. Асау ағыс 50 жастағы сүңгуір мінген қайықты қойманың ортасына қарай тартып әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің бірі суға кетіп, денесі он төрт күннен бері табылмай жатыр. 23 жастағы келіншекті іздеуге бір топ құтқарушы Тараздан арнайы келген, деп хабарлады КТК.

Олар полицейлердің сұраныс хатында көрсетілген төңіректі сүзіп шығуға кіріскен. Кешке тақау іздеу аяқталар тұста кенеттен жел тұрып, екі метрлік толқын пайда болыпты. Асау ағыс 50 жастағы сүңгуір мінген қайықты қойманың ортасына қарай тартып әкеткен. 20 жылдық тәжірибесі бар Жұмағали Әбдірахманов кері қайта алмасын түсініп, желдің бағытымен  жүре берген. Ол сол бойда оралған жоқ.

Ақ "Аудиге" мінген: Жамбыл облысында 23 жастағы келіншек жоғалып кетті

Тіс қаққан маманның қалай суға батып кеткені түсініксіз. Жарты сағаттан кейін қарсы жағалаудан оның құтқару жейдесі мен мотор қайығы табылған. Ал өзін он төрт күннен бері  әріптестері іздеп жатыр.

"Өте тәжрибелі сүңгуір. Тәжрибесін мүмкіндігінше қолданды. Яғни бұл арада тек дауылдың әсері. Қатты тұрған дауылдан жоғарғы толқын қайықтың дер кезінде жағаға қайтуына дес бермеген", - дейді Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Мақсат Қосыбаев.

Алматы облысынан да құтқарушылар көмекке келген. Тасөткел су қоймасының ұзындығы 21, ал ені 8 шақырым. Тереңдігі 25 метерге жуық. Ауқымды аумақтан адам денесін табуға 100-ге жуық құтқарушы мен екі тікұшақ жұмылдырылған.

1844
Тақырып бойынша
Екі апта бойы іздеді: Ақмола облысында жоғалған балықшының мәйіті табылды
Қызылордада мұз астына түсіп кеткен 4 адамның денесі табылды
Қар, архивтегі сурет

Қар және жаңбыр: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

0
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ертең, 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.

0
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖ министрі
Қар аралас жаңбыр: Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды