Пышақ ұстаған адам сұлбасы

"Бөлшектеп тастаған": Алматыдағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы белгілі болды

13525
(Жаңартылды 11:02 26.03.2021)
Марқұмның туыстары қылмыскер психикалық ауруы бар науқас ретінде жауапкершіліктен қашып құтылуы мүмкін деп алаңдайды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Алматылық Аяжан Еділованың туыстары ұсталған күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, 19 жастағы қызды асқан қатыгездікпен өлтірген.

Полиция арызды бірден қабылдамады

Қандықол қылмыскердің қолынан қаза тапқан қыздың туған-туыстары "НемолчиKZ" қоры арқылы мәлімдеме жасады. Онда Аяжан Еділованы іздеу шараларының хронологиясы да көрсетілген. Ал полицияда арыз-шағымды бірден қабылдамады.

19 наурызда кешкі сағат 20:48-де Аяжан жұмыстан шығып кеткенімен, жатақханасына бармаған. Тіпті, байланысқа да шықпады. Содан 20 наурызда сағат 12:00-де туған-туыстары полицияға арыз түсірді. Бірақ ол жерде шағымды бірден қабылдамады. Себебі "барлығы митингтерге байланысты күшейтілген режимге ауысты".

Ал іздеу шараларына Аяжанның достары мен еріктілер де қосылды. Сағат 15:00-де Аяжанның ағасы 102-ге хабар беріп, кешкі сағат 17:00-дің шамасында жұмысына барды. Сол жерде Аяжанның жұмыстан нешеде шыққаны анықталды.

"21 наурызда еріктілер индрайверде істейтін такси жүргізушісін тауып алды. Ол Аяжанды қай мекенжайға апарып тастағанын, тапсырыс берген адамның атын да айтты. Оның есімі – Руслан. Еріктілер барлық ақпаратты полицияға жіберді. Одан кейін абоненттік нөмірдің базалық станциясы арқылы іздеу шараларына кірісті", – делінген мәлімдемеде.

Аяжанның туыстары такси жүргізушісі айтқан мекенжайға барғанда ол жерде полицейлер болған. Жедел жәрдемнің екі бірдей көлігі келді. Кейінірек үсті-басы қан жоса ер адамды шығарды. Оны жедел жәрдеммен алып кетті. Сосын полицияның жедел уәкілі шығып, Аяжанның пәтерде жоқ екенін, ал туыстарына таңертең бөлімшеге келу керектігін айтты.

Денесін бөлшектеп тастаған

22 наурызда сағат 12:00-де Аяжанның туыстары полиция бөлімшесіне барды. Бірақ оларға жоғалған қыздың бөлшектенген денесі бір күн бұрын табылғанын ешкім айтпады. Ағасы Аяжанның өлі күйінде табылғанын инстаграмм желісінен білді. Басқа туыстары да әлеуметтік желіге шыққан ақпаратты оқып, есеңгіреп қалды. Полицейлер: "Мұндай хабарды қалай айтарымызды білмедік...", – деп қысқа ғана қайырды.  

"Аяжанды жай өлтірген жоқ. Оны асқан қатыгездікпен өлтірді. Қылмыскер жылдам әрекет еткен. Кәсіби дайындығы сондай, бір тәуліктің ішінде бойжеткеннің денесін кішкентай бөлшектерге дейін бөліп тастапты. Бұның бәрін жазу мүмкін емес", – делінген "НемолчиKZ" қорының парақшасында.

Аяжанның ағасы күдіктінің жоғары медициналық білімі бар екенін айтты. Интеллигентті отбасыдан шыққан. Көршілері де оны тәрбиелі әрі мәдениетті адам ретінде сипаттап берген. Полицияның қолына түскен күні күдікті өзіне пышақ салып, тамағын осып жіберіпті. Бірақ жедел жәрдем оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп үлгерді.

"Аяжанның туыстары күдіктінің қолынан қаза тапқан басқа да адамдар бар болуы мүмкін. Ал қылмыскер психикалық ауруы бар науқас ретінде жауапкершіліктен қашып құтылады деп алаңдайды. Олар осы жантүршігерлік қылмыс үшін ең жоғары жазаны тағайындауды талап етіп отыр", – дейді құқық қорғаушылар.

Кездесуге не үшін барған…

Аяжан Еділова "Сымбат" сән және дизайн академиясының 4-курсында оқыды. Өз қолымен жасаған киімдері де болды. Оны интернет дүкен арқылы сатқан. Бұдан бөлек, 19 жастағы қыз сән салонында жұмыс істеген.

Жас дизайнер ер адаммен кездесуге жұмыс бабымен баруы мүмкін. Туыстары да солай ойлайды. Өйткені Аяжанның жігіті болған. Сол күні ол жатақхананың жанында ұзақ күткен. Аяжанға қоңырау шалып, хабарлама жазды. Кейіннен дабыл қағып, туыстарына хабар берген.

Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаменті ұсталған ер адам туралы ақпарат таратқан. Ол – 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе соты дәрігерді аяусыз пышақтаған жігітті ақыл-есі кем деп танып, босатып жіберді

Қазіргі кезде қылмыстың себебін анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Оған сәйкес, кінәлі адам 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынын айырылуы мүмкін.

13525
Кілт сөздер:
Алматы, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Жезқазғанда өзін пышақтаған ер адам сотқа келді
Психикалық науқас пышақтаған учаскелік инспектор 4 литр қан жоғалтты
Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады
13 жастағы қызын пышақтаған ананың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Таразда әріптестерін пышақтаған полицей 15 жылға сотталды
Қостанайда көз жұмған оқушы қызды әкесі пышақтаған болуы мүмкін
Алабай

Нұр-Сұлтанда алабай зейнеткер мен оның күшігін талап тастай жаздады - видео

5780
(Жаңартылды 21:21 11.04.2021)
Әйел күшігін қорғамақ болған кезде оны алабай қауып алған. Қазір әйел екпе алуда, ал оның күшігі ветеринарлардың бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Полицейлер Нұр-Сұлтанда 71 жастағы әйел мен оның қасына ерткен күшігіне тап берген иттің иесін іздестіруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын желіде иттің күшікке тап берген сәті түсірілген видео тарады. Полиция алабайды бейнебақылау камераларының көмегімен тапты.

"Қазір алабай аса қауіпті құтыру ауруының бар-жоғын анықтау үшін ветеринариялық бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық екпе алуда, оның күшігі ветеринарлық клиникада емделуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

5780
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, алабай
Темір жол өткелі, архивтегі сурет

Алматы облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты: зардап шеккендер бар

1921
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі азаматтың жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатқызылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Алматы облысында жүк пойызы мен автокөліктің соқтығысуынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Оқиға 10 сәуірде Қапшағай қаласында тіркелген. Жүк пойызы мен BMW көлігінің соқтығысуы теміржол өткелінде болды. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған үш адам қалалық ауруханаға жатқызылды.

"Теміржол өткелінде тыйым салынған бағдаршам белгісіне бағынбаған 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы BMW көлігі жүк пойызымен соқтығысты. Жылжымалы құрам 39 минуттан кейін сапарын жалғастырды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен 1984 және 1979 жылы туған екі азаматтың жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатқызылғанын атап өтті. Үшінші пациенттің жағдайы орташа асқыну дәрежесінде екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда отқа оранған пойыз видеосы тарады – төтенше оқиғаның мән-жайы

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

1921
Кілт сөздер:
Алматы облысы, теміржол
Тақырып бойынша
Пойыз билеті нақты қандай бағдарларда қымбаттайды
Павлодарда жүйткіп келе жатқан пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды – видео
Алматы облысында бір отар қой пойыз астына түсті – фото
Жезқазғанда екі пойыз бетпе-бет соқтығысты: апаттың видеосы желіде тарады
Алматы облысында пойыз автобуспен соқтығысты - видео
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0