Оқиға

Шымкентте өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2021
Жазылу
Өртке не себеп болғаны белгісіз. Мамандар төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Шымкентте көлік өртеніп кетті, ішінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Өрт 26 наурыз күні сағат 20:48-де Сайрам тұрғын үй алабында (Қаратау ауданы) әл-Фараби көшесінің бойында болған.

Toyota Camry 35 көлігі отқа оранды. Өрт 21:02-де ауыздықталып, 22 минутта сөндірілді.

Көлік ішінен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 2 техника және зерттеу сынау өртке қарсы зертханасының екі маманы жұмылдырылды", - деді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның аты-жөні анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0