НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Алматының "Алтын орда" базарында болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Полиция тергеу шараларын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Instagram-пабликтерде тараған ақпаратқа сәйкес, "Алтын орда" базарында тұрақ үшін ақы жинайтын ер адам 100 теңге беруді талап еткен. Бірақ көлік жүргізушісінде 20 мың теңгелік тұтас ақшадан басқа тиын-тебен болмады. Ол картаға аударым жасауды ұсынды. Бірақ тұрақ қызметкері келіскен жоқ. Екеуі сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Видеода жанжалдың қалай басталғаны көрсетілмейді. Көлік жүргізушісі тұрақ қызметкерін жағадан алып, баспен бір ұрады.
Ал Instagram-да жарияланған видеода екі жақтың төбелестен кейін полицияны күтіп тұрғанын көруге болады. Арғы жағында балағат сөздер естіледі. Осы кезде көлік жүргізушісі: "Тоқта!",- деп, тағы бір ер адамның артынан жүгіреді. Оның бәкіні лақтырып тастағанын көрсетеді. Осыдан кейін видео үзіледі де, бірден бір топ адам көліктің терезесін ұрып жатқан кадрға ауысып кетеді. Көлік жүргізушісі қаша жөнеледі. Жолда базардың басқа қызметкерлері де көлікті ұрып, тоқтатуға тырысады.
View this post on Instagram
Көлік жүргізушісі бейнеүндеу де жазды. Оның айтуынша, төбелес кезінде ұлтаралық жанжал болған жоқ. Ол базар қызметкерлері жабылғаннан кейін келіншегі үшін қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен.
"Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы барды. Қазіргі кезде видеодағы барлық адам анықталды. Тергеу аясында екі жақ та жауап беріп жатыр", - деді полицейлер Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі ("бұзақылық, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Полицейлер Нұр-Сұлтанда 71 жастағы әйел мен оның қасына ерткен күшігіне тап берген иттің иесін іздестіруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұдан бұрын желіде иттің күшікке тап берген сәті түсірілген видео тарады. Полиция алабайды бейнебақылау камераларының көмегімен тапты.
"Қазір алабай аса қауіпті құтыру ауруының бар-жоғын анықтау үшін ветеринариялық бақылауға алынды", - делінген хабарламада.
Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық екпе алуда, оның күшігі ветеринарлық клиникада емделуде.
Полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Алматы облысында жүк пойызы мен автокөліктің соқтығысуынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиға 10 сәуірде Қапшағай қаласында тіркелген. Жүк пойызы мен BMW көлігінің соқтығысуы теміржол өткелінде болды. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған үш адам қалалық ауруханаға жатқызылды.
"Теміржол өткелінде тыйым салынған бағдаршам белгісіне бағынбаған 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы BMW көлігі жүк пойызымен соқтығысты. Жылжымалы құрам 39 минуттан кейін сапарын жалғастырды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен 1984 және 1979 жылы туған екі азаматтың жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатқызылғанын атап өтті. Үшінші пациенттің жағдайы орташа асқыну дәрежесінде екенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда отқа оранған пойыз видеосы тарады – төтенше оқиғаның мән-жайы
Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
НҰР-СҰЛТАН
09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.
11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.
11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).
12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.
"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.
Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.
Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.