Оқиға

Жүргізуші көлігінде сегіз килограмм есірткі барын білмеген

© PhotoМарихуана, канабис, иллюстративное фото
Марихуана, канабис, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған жолаушының кінәсі дәлелденсе, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Екібастұзда полицейлер жолаушыдан сегіз келіден аса марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екібастұз қаласында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында "Мазда Кронус" көлігі тоқтатылды, ішінде облыстың 38 жастағы тұрғыны болды.

"Автокөлік салонын тексеру барысында жолаушыға тиесілі қап анықталды. Ішінен өзіндік иісі бар үш полиэтилен пакет шықты. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл 8 келіден асатын марихуана екені белгілі болды", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.  

Аталған факт бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен  ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.   

Бұл бапта кінәліні үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Әйел Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік иесі жолаушысының "олжалы" жүгінен бейхабар болған.

Биыл Павлодардың жедел іздестіру тобы заңсыз есірткі айналымындағы 50 қылмысты ашты, оның 48-і есiрткі және психотроптық заттарды өткізуге байланысты.  

Жаңалықтар
0