Арнайы жасақ пен полиция көлігі

Шымкентте ірі кәсіпкер тұтқындалды: наразы жұртты арнайы жасақ ұстады

4683
(Жаңартылды 12:13 06.04.2021)
Өздерінің таяқ жегенін алға тартқан жергілікті тұрғындар ұл-қыздарының да ұсталып жатқанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Шымкент түбіндегі Алтынтөбе ауылының 40 шақты тұрғыны жолды жабуға тырысқаны үшін ұсталған. Ал енді оларға қандай жаза қолданғаны белгісіз. Жиналған жұрт алтын бұйымдарды өндіретін кәсіпорынның жабылуына қарсы шыққан, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алтынтөбе ауылында үш күннен бері тыныштық жоқ. Полицейлер мен арнайы жасақ көшені бақылауға алған. Дәл осы ауылдағы алтын шығаратын цехқа ұлттық қауіпсіздік комитетінің жасағы басып кіріп, басшысын тұтқындаған. Цех ішіндегі алтынды да түгел алып кеткен.

"Осыншама халықты жұмыссыз қалдырмас деп ойлаймын. Халық жұмыссыз қалды, несиелері, бала-шағасы бар. Автоматтарымен басып кірді. Кешке таман жұмысқа жиналып едік, бізді де итеріп, соғып, жолатпай қойды. Тіпті, ішке басшысын да кіргізбейді", – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлшат Бейсенова.

Оқи отырыңыз: Егер біз наразы топқа баспана берсек, ертең бәрі митингіге шығады – Абаев

Үш жыл бұрын іске қосылған алтын бұйымдарды өндіретін цехта осы ауылдың 100-ден астам тұрғыны жұмыс істейді. Жұмадан бастап жабық тұрған кәсіпорынға айналдыра қарулы жасақ қойылған. Ал тұрғындардың айтуынша, үйінен шыққандарға полицейлер айыппұл салады.

"Бұл – тонау. Үш күн болды, халық далаға шыға алмай қалды. Әр үйдің есігінің алдына жасақ қойып қойған. Не болғанын да түсіндірмейді", – дейді тұрғындардың бірі Асан Ибрашев.

Тұрғындар қала әкімі Мұрат Әйтеновтің келуін талап еткенімен, басшы түгілі орынбасарлары да төбе көрсетпеді. Ал үш күннен бері осында жүрмін деген Абай ауданының басшысы мардымды мәлімет бере алмады.

"Бұл жерде алтын, кен әкеліп, алтын өнімдерін шығарып жатыр деген мәлімет бар. Қаншалықты заң жүзінде істелініп жатқаны белгісіз", – дейді Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.

Алтын шығаратын цехтың ашылуын талап еткен жұмысшылар жолды жабуға тырысқан. Бірақ темірдей тартылған тәртіп сақшылары 50-ден астам адамды тырп еткізбеді. Тіпті, полицейлер кемпір-шалға да қарамай, барлығын басып алып кетті. Осылайша, бір сәтте ауыл іші азан-қазан болды.

Жергілікті тұрғындар өздерінің таяқ жегенін айтып отыр. Ұл-қыздарын сүйретіп әкеткенін алға тартқан олар үйде кішкентай балалары қалды дейді.

Алтынтөбе ауылында ұсталған 40 шақты азаматтың қандай жауапқа тартылғаны белгісіз. Өйткені полиция да, ұлттық қауіпсіздік қомитеті де бұл туралы мәлімет беруден бас тартып отыр.

4683
Кілт сөздер:
Шымкент, кәсіпорын, кәсіпкер
Тақырып бойынша
Президент Денис Теннің өлімін тергеуге қатысты: халық полиция мен сотқа наразы
Астана орталығына наразы үлескерлер жиналды: олардың қойған талабы не?
Ақшұқыр ауылындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам тұтқындалды
Танымал қазақстандық ғалым мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін тұтқындалды
Пышақтың сабымен терезе қақты: Алматыда ер адам тұтқындалды – видео
Алабай

Нұр-Сұлтанда алабай зейнеткер мен оның күшігін талап тастай жаздады - видео

5814
(Жаңартылды 21:21 11.04.2021)
Әйел күшігін қорғамақ болған кезде оны алабай қауып алған. Қазір әйел екпе алуда, ал оның күшігі ветеринарлардың бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Полицейлер Нұр-Сұлтанда 71 жастағы әйел мен оның қасына ерткен күшігіне тап берген иттің иесін іздестіруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын желіде иттің күшікке тап берген сәті түсірілген видео тарады. Полиция алабайды бейнебақылау камераларының көмегімен тапты.

"Қазір алабай аса қауіпті құтыру ауруының бар-жоғын анықтау үшін ветеринариялық бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық екпе алуда, оның күшігі ветеринарлық клиникада емделуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

5814
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, алабай
Темір жол өткелі, архивтегі сурет

Алматы облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты: зардап шеккендер бар

1933
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі азаматтың жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатқызылғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Алматы облысында жүк пойызы мен автокөліктің соқтығысуынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Оқиға 10 сәуірде Қапшағай қаласында тіркелген. Жүк пойызы мен BMW көлігінің соқтығысуы теміржол өткелінде болды. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған үш адам қалалық ауруханаға жатқызылды.

"Теміржол өткелінде тыйым салынған бағдаршам белгісіне бағынбаған 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы BMW көлігі жүк пойызымен соқтығысты. Жылжымалы құрам 39 минуттан кейін сапарын жалғастырды", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен 1984 және 1979 жылы туған екі азаматтың жағдайы ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатқызылғанын атап өтті. Үшінші пациенттің жағдайы орташа асқыну дәрежесінде екенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда отқа оранған пойыз видеосы тарады – төтенше оқиғаның мән-жайы

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

1933
Кілт сөздер:
Алматы облысы, теміржол
Тақырып бойынша
Пойыз билеті нақты қандай бағдарларда қымбаттайды
Павлодарда жүйткіп келе жатқан пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды – видео
Алматы облысында бір отар қой пойыз астына түсті – фото
Жезқазғанда екі пойыз бетпе-бет соқтығысты: апаттың видеосы желіде тарады
Алматы облысында пойыз автобуспен соқтығысты - видео
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0