Оқиға

Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды – фото

© Sputnik / СтрингерЖол апатына ұшыраған автобус
Жол апатына ұшыраған автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Шығыс айналма жолындағы апат салдарынан Honda Civic жолаушысы жарақат алып, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Алматыда Халиуллина көшесінің қиылысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, бір-бірімен соқтығысқан жеті көліктің барлығы да бір бағытта келе жатқан.

Ең алдымен Камаз жүргізушісі бар жылдамдықпен Газельдің артынан соғып, жаппай жол апатына себеп болған.

© Sputnik / СтрингерЖол апаты салдарынан бүлінген Газель көлігі
Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жол апаты салдарынан бүлінген Газель көлігі

Инерциямен қозғалған Газель Honda Civic крассоверін, ал ол өзінің алдында келе жатқан Lada көлігін соғуы салдарынан үш көліктің қозғалысы ырық бермей кеткен.

Сондай-ақ, жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүк көлігі №205 бағыттағы автобусқа алдын тіреп тоқтаған.

© Sputnik / СтрингерЖүк көлігі автобусқа соғылып тоқтаған
Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жүк көлігі автобусқа соғылып тоқтаған

Жол апатынан Honda Civic жолаушысы жарақат алып, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0