Оқиға

Сау тамтығы қалмады: Павлодарда жолаушылар автобусы отқа оранды

© Photo : ДЧС Павлодарской областиПавлодарда автобус отқа оранды
Павлодарда автобус отқа оранды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Өрт облыс орталығынан қала маңындағы ауылға бара жатқан жолда болды, деп хабарлайды Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

8 сәуірде таңертең №1 Павлодар автобус паркіне қарасты 38-ші бағыттағы қоғамдық көлік қаладан Ленинский ауылына қарай жолға шыққан. Алайда ауыл маңына таяғанда автобус кенеттен отқа оранған.

© Photo : ДЧС Павлодарской области№38 бағыттағы қоғамдық көлік қаладан Ленинский ауылына қарай жолға шыққан
Сау тамтығы қалмады: Павлодарда жолаушылар автобусы отқа оранды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
№38 бағыттағы қоғамдық көлік қаладан Ленинский ауылына қарай жолға шыққан

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен 9 қызметкері шұғыл жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады.

"15 шаршы метр жерде өрт шықты. Барлық жолаушылар өртеніп жатқан көліктен шығарылды және санаулы минут ішінде қызыл жалын сөндірілді", – делінген ақпаратта.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның себеп-салдары мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

© Photo : ДЧС Павлодарской областиҚала маңына қатынайтын көліктің сау тамтығы қалмады
Сау тамтығы қалмады: Павлодарда жолаушылар автобусы отқа оранды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Қала маңына қатынайтын көліктің сау тамтығы қалмады
Жаңалықтар
0