Оқиға

Шығыс Қазақстанда 2 жасар баланың мәйіті табылды

CC0 / / Игрушка в кармане
Игрушка в кармане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2021
Жазылу
Полицейлер кішкентай Арсений көрші балалармен бірге ойнап жүргенін, алайда біршама уақыттан кейін кенеттен жоғалып кеткенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жоғалып кеткен 2 жасар Арсений Киселевті іздеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлады Altaynews.

Бала жұма күні күндіз әдеттегідей аулада ойнауға шыққан. Полицейлер кішкентай Арсений аға-әпкелерімен, сондай-ақ көрші балалармен бірге ойнап жүргенін, алайда біршама уақыттан кейін кенеттен жоғалып кеткенін анықтады.

"Балықшылар ауы оралып қалған": Атырауда жұмысқа кеткен тұрғынның мәйіті табылды

Өскеменнен іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қосымша полиция департаментінің және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар келді.

"Полиция қызметкерлері бала өзенге құлап кетуі мүмкін деп болжады. Бұған су қоймасының жағасында табылған іздер дәлел болды. Өзен арнасын тінту барысында сол іздерден 1 шақырымдай жерден баланың мәйіті табылды", - деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Жаңалықтар
0