Алабай

Нұр-Сұлтанда алабай зейнеткер мен оның күшігін талап тастай жаздады - видео

7238
(Жаңартылды 21:21 11.04.2021)
Әйел күшігін қорғамақ болған кезде оны алабай қауып алған. Қазір әйел екпе алуда, ал оның күшігі ветеринарлардың бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Полицейлер Нұр-Сұлтанда 71 жастағы әйел мен оның қасына ерткен күшігіне тап берген иттің иесін іздестіруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын желіде иттің күшікке тап берген сәті түсірілген видео тарады. Полиция алабайды бейнебақылау камераларының көмегімен тапты.

"Қазір алабай аса қауіпті құтыру ауруының бар-жоғын анықтау үшін ветеринариялық бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық екпе алуда, оның күшігі ветеринарлық клиникада емделуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

7238
Кілт сөздер:
алабай, Нұр-Сұлтан
Жедел жәрдем көлігі

Ақтөбеде "Land Cruiser" жүргізушісі оқушыны қағып кетті

183
(Жаңартылды 17:52 04.12.2021)
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда кешке болған. Жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбеде Land Cruiser жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі  оқушыны қағып кетті.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанда кешке болған.

"Land Cruiser Prado автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пацаев көшесі бойымен Ақтөбе жедел медициналық жәрдем станциясына қарама-қарсы реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында жаяу жүргіншіге жол бермеді.  2006 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті", - делінген ақпаратта.

Апат салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі ("жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, 3 желтоқсанға қараған түні BMW тізгіндеген ақтөбелік бойжеткен автобус аялдамасына соғылған. 

Зардап шеккен жүргізуші Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Оқи отырыңыз: 

183
Кілт сөздер:
Ақтөбе, жүргізуші, оқушы
Тақырып бойынша
Талғарда 3 оқушыны көлік қағып кетті: дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты
Жүргізуші әйел мас болған: Ақтөбеде жол апатына түскен көлік өртеніп кетті – видео
Ақтауда көлік ағаштарды қиратып, қызды қақты – оқиғаның видеосы жарияланды
Алматыда тамырымен жұлынып кеткен ағаш көлік үстіне құлады – видео
Ақтауда көлік қаққан қыздың жағдайы белгілі болды
Көлік дөңгелегі

Ақтауда көлік ағаштарды қиратып, қызды қақты оқиғаның видеосы жарияланды

5371
(Жаңартылды 16:41 03.12.2021)
Облыстық полиция департаменті бұл оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілгенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қақты. Желіде осы сәттің видеосы тарады.

Кадрда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тротуарға шығып кетіп, жас ағаштарды сындырғаны көрінеді. Машина қызды соққанға дейін бірнеше метр жүріп өтті. Кейбір адамдар көліктен қашып үлгерді, деп жазады Lada.kz.

Оқиға 2 желтоқсанда кешкі он шамасында 12-ші шағын ауданда болған. Toyota Sienna жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Куәгерлер рөлде әйел отырғанын айтты.

Зардап шеккен 28 жастағы тұрғын аса ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. 

Облыстық полиция департаменті бұл оқиға қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігіне сай ("көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілгенін хабарлады.

Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам екі мың айлық есептік көрсеткішке (5 миллион 800 мың теңгеден астам) дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Дәл осы мерзімге түзету жұмысына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған. Екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе дәл осы мерзімге түрмеге қамалуы мүмкін.

5371
Кілт сөздер:
Ақтау, видео, көлік, оқиға
Жусан операциясы

Сирияға кеткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і оралды Назарбаев

0
Қазақстанның тұңғыш президенті елге оралған 600 қазақстандықтың ішінде 33 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты.

"Qazaq. History of the Golden Man" ("Қазақ. Алтын адамның тарихы") фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Елбасы Ислам мемлекетінің* қызметі толығымен экстремистік идеологияға негізделгенін мәлімдеді.

"Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп айтылған. Олардың мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ, олар дінді өз мақсаты үшін пайдаланатын экстремистер. Бұл Исламның өзіне зиян тигізеді", - деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті республикадан Сирияға бір мыңға жуық азамат кеткенін, олардың 600-і отанға оралғанын хабарлады.

"Біз 600 адамды қайтардық, оның ішінде 303 ер адам. Отыз үшіне қатысты тергеу жүргізіп жатырмыз. Жұмысы жоқ, қиыншылық көрген адамдар сол жерге кетті. Онда өмір керемет болатынына уәде береді. Сондықтан ол жаққа бүкіл отбасымен бірге барды. Өздерін ұрып-соғып, өлтірген кезде ғана жағдайды түсінді", - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы исламның және бүкіл әлемнің ірі орталықтарының бірі болып табылатын Сирияның қирауы мәселесіне қатысты өз өкінішін білдірді.

"Мен ол жерде болдым, керемет ғимараттарды көрдім... Олар біздің балалар көре алмайтын бүкіл адамзаттың тарихи, мәдени естелігін жойды", - деді Назарбаев.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті "Жусан" гуманитарлық арнайы операциясы аясында Сирия мен Ирактан қазақстандықтарды қайтару бойынша 5 арнайы операция өткізді.

Бұл арнайы гуманитарлық операцияның бірінші кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 6 қаңтарында ұйымдастырылды.

ИМ* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, Сирия, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Назарбаев өзінің арманы туралы айтты
Назарбаев Қазақстан Қырымға қатысты дауыс беруден неге қалыс қалғанын түсіндірді
Назарбаев Қазақстан жастарына үндеу жасады – видео
Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды