Патрульдік полицей

Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды

7715
(Жаңартылды 10:42 15.04.2021)
Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органында 1995 жылдың қыркүйегінен бері қызмет атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. "Екатеринбург-Алматы" тас жолында жүк көлігі мен патрульдік автокөлік соқтығысып, 46 жастағы полиция аға лейтенанты қаза болды.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, жол апаты 15 сәуір сағат 06:40-та "Екатеринбург-Алматы" тас жолында,  Балқаш қаласынан 45 шақырым жерде болған.

"Вольво" жүк көлігінің рөлінде 41 жастағы ер адам отырған. Ал "Kia Rio" патрульдік автокөлігін облыстық патрульдік полиция батальонының 33 жастағы инспекторы жүргізген.

"Салдарынан арнайы көліктің жолаушысы – қызмет бабында жүрген облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы, 46 жастағы Хайдар Оразбаев көз жұмды. Арнайы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

12 күнде үш полицей көз жұмды: Атырау облысында тағы да қайғылы оқиға тіркелді

ПД мәліметінше, полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органында 1995 жылдың қыркүйегінен бері қызмет атқарған. Үйленген, артында төрт баласы қалды.

Қарағанды облысы ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза болған әріптесінің туған-туыстарына көңіл айтады.

7715
Кілт сөздер:
полицей, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
Қос полицей қазасы: көлік жүргізушісіне сот үкімі шықты
Жұмыстан келе жатқан: Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді
Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео
Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды
Қарағанды облысында полицейлер жантүршігерлік жол апатына ұшырады
Ильназ Галявиев

Қазан қаласында мектепке шабуыл жасаған Галявиев қамауға алынды

94
Сот үкімін ешбір эмоциясыз тыңдаған Галявиев өзі өлтірген балалар туралы БАҚ өкілдерінің сұрағын жауапсыз қалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазан қаласындағы мектепке шабуыл жасады деп айыпталған Галявиев қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости

Сот оған екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға шешім шығарды. Оның 17 рет оқ атқаны және кеңсе алдына қолдан жасалған бомба орнатқаны анықталды.

"Ильназ Галявиев өз кінәсін мойындап, айыптау және қамауға алу туралы үкімге қарсы уәж айтқан жоқ", – деді тергеуші.

Ол мұндай үкім оқылғанда ешбір эмоцияға бой алдырмады.

Ал прокурор мектепке шабуыл жасаған Галявиевтің сыбайластары болмағанын растады және оған қатысты терроризм бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс әлі қаралмағанын атап өтті. 

Айта кетейік, Ильназ Галявиев Қазан гимназиясында болған атысқа байланысты айып тағылып отыр. Сот процесінен кейін өзі өлтірген балалар туралы сұраған журналистердің сұрағына ол жауап берген жоқ.

"Галявиевке кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылды", – деді тергеуші.

Оқи отырыңыз: Қазан мектебіндегі атыс: оқ жаудырған жігіт туралы көршілері айтып берді – видео

94
Кілт сөздер:
қамауға алынды, сот үкімі
Тақырып бойынша
Қазан қаласындағы гимназияда белгісіз біреулер оқ жаудырған: 9 адам көз жұмды - видео
Қазан мектебіндегі атыс: күдікті туралы тың дерек шықты
Жамбыл облысы әкімі Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па
Атыс, үрей және дүрбелең: Қазан мектебіндегі оқиға қалай өрбіді – видео
Қазан мектебіндегі атыс: 25 жастағы мұғалімнің қалай көз жұмғаны белгілі болды
Жандосов көшесіндегі жол апаты

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші апат орнынан қашып кетті

93
Жол апатынан зардап шеккен қыз жақын жердегі ауруханаға жатқызылды. Полицейлер мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Алматыда Жандосов көшесінде жаппай жол апаты болды, бір адам жарақат алды, ал кінәлі жүргізуші оқиға болған жерден қашып кетті.

Столкновение на улице Джандосова
© Sputnik / Стрингер
Жандосов көшесіндегі жол апаты

Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, Nissan Cefirо жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатып, Береке көшесіне жетпей, белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Rav4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.   

Toyota қатты соққыдан жолдың шетіне ұшып түсті. Nissan Cefiro да бұрылып кетіп, Toyota Surf көлігін соқты.

Жол апаты салдарынан Toyota Rav4 жүргізушісі жарақат алды, ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Nissan Cefiro жүргізушісі апат орнынан жаяу қашып кетті.

Жол апаты болған жерде полицейлер мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.   

Жол полициясы қызметкерлері қашып кеткен жүргізушіні іздеуге кірісті.

93
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда Toyota Camry жүк көлігінің астына кіріп кетті – жантүршігерлік видео
Көлік қақ бөлінген: Қазақстанның солтүстігінде жол апатынан екі адам көз жұмды
Жаяу адамды басып кетті: Алматыда атышулы жол апатына кінәлілер сотталды – видео
Денесі әр жерде шашылып жатыр: Таразда жантүршігерлік жол апаты болды
Доллар купюрасы

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 1 миллион доллар беріледі

0
Губернатор Майк Деуайнның айтуынша, үлестірілетін қаражат COVID-19-ға байланысты құрылған қордан алынады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Огайо штатының билігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматтар арасында лотерея өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлады РИА Новости.

Губернатор Майк Деуайнның айтуынша, жеңімпаз атанған бес адамның әрқайсысына бір миллион доллар табысталады.

"Екі аптадан кейін 26 мамырда біз үлкен кісілерге арналған лотереяның жеңімпазын жариялаймыз. Оған вакцинаның бір дозасын алып, қатыса беруге болады. Жеңімпаздың есімін сәрсенбі сайын бес апта бойы жариялап тұрады. Осылайша, әр сәрсенбіде жеңімпазға бір миллион доллар табысталады", – дейді Деуайн.

Оның сөзіне қарағанда, ұтыстың ақшасы федералдық қордан алынады. Ал бұл қор COVID-19-ға байланысты құрылған болатын.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері АҚШ-та 33 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырды. Олардың ішінде 590 мың науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Жақында осы елде вакцина салдырған азаматтардың саны 100 миллионнан асты. Президент Джо Байден 4 шілдеге дейін вакцинаның бірінші дозасын ересек адамдардың 70 процентіне салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

0
Кілт сөздер:
екпе, вакцина, АҚШ
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды
Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады – видео
Екпе салдырған қазақстандықтар жұмыстан босатыла ма
Вакцина салдырғаннан кейін екпе куәлігін ашып көрген елорда тұрғыны аң-таң болды
Нұр-Сұлтанда QazVac-пен вакциналау басталды: астаналықтар екпе туралы не дейді - видео