АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Алматы көшелерінің бірінде жолаушылар автобусы өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 11.00-де Алатау ауданы Әйгерім-2 ықшамауданында автобустың жанып жатқаны туралы ақпарат түскен. Оқиға Қожаханов көшесі мен Бенберин көшесі қиылысында болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше жағдай орнына келген өрт сөндірушілер 20 шаршы метр алаңда "Лиаз" маркалы автобустың жалындап жанып жатқанын анықтады.
Автобуста жолаушылар болмаған. Өрт жеті минутта ауыздықталып, сағат 11:22-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.