Оқиға

Елордадағы дәмханалардың бірінен өрт шықты – видео

© Photo : ДЧС ВКОПожарный автомобиль
Пожарный автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Қоғамдық тамақтану орнындағы өрттің шығу себебі хабарланбады. Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтанның оң жағалауында орналасқан кафелердің бірінен өрт шықты. Ақпаратты қаланың төтенше жағдайлар департаменті растады.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеомен бөлісті. Кадрлардан қою қара түтінді көруге болады.

"Сағат 12:16-да Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің 10 адамнан және екі техникадан құралған өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына аттанды. Байқоңыр ауданы, Иманов көшесі 5/2А мекенжайы бойынша түтін көрінді деген хабарлама келіп түсті. Өрт қызметкерлері бөлек тұрған Butchers Street тамақтану павильонында өрт шыққанын анықтады", - делінген хабарламада.    

Оқи отырыңыз: Павлодарда пәтерден ер адамның күйген денесі табылды – видео

Өрт сағат 12:33-те оқшауланып, 12:41-де сөндірілді. Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0