Оқиға

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды – фото

© Sputnik / СтрингерДТП произошло в Алматинской области
ДТП произошло в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Жедел жәрдем мамандары келгенше екі жеңіл көліктің жүргізушілері көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Алматы облысында үш көлік соқтығысып қалды. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / СтрингерMitsubishi Lancer жол жиегіне ұшып кетті
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Mitsubishi Lancer жол жиегіне ұшып кетті

Қарасай ауданы арқылы өтетін "Алматы – Нұр-Сұлтан" тас жолында Mercedes C-класс, Mitsubishi Lancer мен "ГАЗель" соқтығысты. Алдын ала мәліметке сәйкес, екі жеңіл көлік оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан. Екеуі де жолдың қарсы бетіне шықты. Содан Lancer жолдың жиегіне ұшып кеткен. Ал Mercedes қатты жылдамдықпен "ГАЗель"-мен бетпе-бет соқтығысты. 

"Mercedes-тің 20 жастағы жүргізушісі және Mitsubishi Lancer-дің 27 жастағы жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болды. Ал жеңіл көліктерде отырған екі жолаушы Қаскелен қаласының ауруханасына жеткізілді", - дейді куәгерлер.
© Sputnik / СтрингерMercedes қатты жылдамдықпен "ГАЗель"-мен бетпе-бет соқтығысты
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Mercedes қатты жылдамдықпен "ГАЗель"-мен бетпе-бет соқтығысты

Алматы облысының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-тармағы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

© Sputnik / СтрингерЕкі жүргізуші көз жұмды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Екі жүргізуші көз жұмды
Жаңалықтар
0