Иллюстративті фото

Ақтауда тонаушы сатушы әйелге тап беріп, аяусыз тепкіледі видео

992
(Жаңартылды 19:36 22.04.2021)
Сатушы әйелді ұрып-соғып, кассадағы бар ақшаны алып кеткен тонаушыны Ақтау полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Ақтауда азық-түлік дүкені тоналды: қылмыскер нәзік сатушы әйелді ұрып-соққан, деп хабарлады "Лада" порталы.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеороликке қарағанда, түнгі сағат үш шамасында ер адам шағын дүкенге кірген. Сатушы әйелдің жалғыз екенін көріп, үстелдің артына барып, оның қолынан ұстап алған. Сатушы қаскүнемнің қашып кетпек болған, бірақ сол сәтте ол оған буындыру әдісін қолданып, еденге құлатып, басынан бірнеше рет тепкен.

Маңғыстау облысының полиция департаменті қылмыс 22 сәуірде таңға қарай Ақтау қаласының 13-шағын ауданында жасалғанын хабарлады.

Қылмыскер ақша мен ұялы телефондарды алып кеткен.

Жол-патрульдік қызметі күдіктінің ізін суытпай ұстады. Ол қазірдің өзінде кінәсін мойындап отыр.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу абақтысына қамалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

992
Тақырып бойынша
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Жас қыз ұрыны аяғымен қысып, тырп еткізбей ұстап жатты – видео
Алматыда балалы әйелге шабуыл жасаған тонаушы қарсылыққа тап болды
Қазақстандық жігіт Ресейде сатушыны тонап, оны жұбатып тұрған жерінен ұсталды
Павлодарда дүкендерді тонаған полицей болып шықты
Жолдағы көлік қозғалысы

Туысының көлігін ұрлап мінген: Шымкентте жасөспірім сұмдық жол апатын жасады видео

2
(Жаңартылды 14:19 14.05.2021)
Жүйткіген көліктің соққысынан ауыр жарақат алған 21 жастағы бойжеткен аурухана реанимациясына жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім Шымкентте көлікті ұрлап мініп, бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды жергілікті "Отырар" телеарнасы.

Жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

"Бойжеткен жолдың арғы бетіне өтіп жатқанда жоғары жылдамдықпен келген жеңіл көлік оны қағып кетті", – делінген ақпаратта.

Кейбір деректер бойынша, зардап шеккен қыз автобуста бейресми кондуктор болып жұмыс істеген және сол күні құрбысының жұмысына уақытша шыққан көрінеді.

Ал жаяу жүргіншіні қаққан көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жас жігіт болып шықты. Ол туысының көлігін ұрлап мініп, қала көшесінде жүйткіген.

Қатты соққы нәтижесінде 21 жастағы қыз ауыр жағдайда реанимацияға жеткізілді. Дәрігерлер мидың 1-2 дәрежелі контузиясын, сондай-ақ кеуде қуысының жарақаттарын және жамбас сүйектерінің сынғанын анықтады.

"2000 жылы туған науқас үшінші дәрежелі травматикалық шокпен ауруханаға жеткізілді. Ауыр жағдайдағы оған шокқа қарсы және симптоматикалық терапия жүргізілді. Қазіргі кезде жағдайы ептеп түзеле бастады", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті

2
Кілт сөздер:
Шымкент, жол апаты
Тақырып бойынша
Мектептен келе жатқан: Ақмола облысында баланы пойыз қағып кетті
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты екі адамның өмірін қиды – фото
Алматыда автобус бойжеткенді қағып кетті
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам көз жұмды
Денесі әр жерде шашылып жатыр: Таразда жантүршігерлік жол апаты болды
Туфля на высоком каблуке и наручники

Қостанайлық әйел құрбысының көңілдесін қалай өлтіргенін көрсетті видео

954
Әйел полицияға келесі күні келмек болғанын айтқан. Алайда ол бұл ойын жүзеге асырмай тұрып ұсталды

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында екі күнге жалғасқан отырыс кісі өлімімен аяқталды. Әйел құрбысының көңілдесін пышақтап тастаған, деп хабарлады Polisia.kz.

Қостанай қаласы полиция басқармасына пәтерде ер адамның көз жұмғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бұл мас күйде тұрмыстық жанжал кезінде жасалған кісі өлтіру екенін анықтады. 

Тергеу барысында жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын анықтады. Олардың сөзінше, көлік жөндеу станциясында жұмыс істейтін ауыл тұрғыны жалақысын алып, Қостанайға көңіл көтеріп, демалуға келген. Әйелі мен бала-шағасы ауылда қалған. Қалаға келіп екі досымен кездескен. Сондай-ақ оның қалада көңілдесі болған. Көңілдесінің құрбысын да шақырып, бесеуі екі күн бойы жалдамалы пəтерде көңіл көтерген.

"Отырыс кезінде ер адам мен оның көңілдесі арасында жанжал туындаған. Құрбысының көз жасын көріп шыдай алмаған əйел ер адамды "жазаламақ болған". Қолына ас үй пышағын алып, жәбірленуші жатқан жатын бөлмеге барған. Арқасына жасалған соққыдан ер адам көз жұмды", – деді полиция.

Қылмыс жасалған сәтте ер адамның екі досы балконда темекі тартып тұрған. Олар екі әйелдің үйден қалай кетіп қалғанын да көрмеген. Залда ішімдік ішіп отырған кезде жатын бөлмедегі мәйітті де байқамаған. Кісі өлімі туралы полицияға пәтері иесі хабарлаған.

Ал әйел полицияға келесі күні кінәсін мойындап, өзін ретке келтіріп болған соң келмек болғанын айтты. Алайда ол бұл ойын жүзеге асырмай тұрып ұсталды. Ал оның құрбысы істе куәгер ретінде жауап беріп жатыр.

Аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Қазанда мектепті жайратып тастаған Галявиев: "Адамдарды өлтіргенім дұрыс болды"

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

954
Кілт сөздер:
Қостанай, адам өлтіру, қылмыс
Тақырып бойынша
Өскеменде ер адам полицейдің мойнына пышақ сұғып алды – оқиғаның видеосы
Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне пышақ салды
"Арқамнан бірнеше рет пышақ сұқты": Алматыда "Айка-мажор" ұсталды
Алматы облысында ер адам дәрігерлерге пышақ ала жүгірді – оқиғаның мән-жайы
18 рет пышақ сұққан: Оралда әйелін өлтірген ер адамға қатысты жаңа дерек анықталды