Оқиға

Алматыдағы атыс: полиция 17-ші қабаттан секірген ер адамның қаза болғанын растады

© Sputnik / Тимур БатыршинПлакат, который вывесил стрелок на окне своей квартиры в ЖК "Бухар Жырау"
Плакат, который вывесил стрелок на окне своей квартиры в ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Полиция қарулы адаммен бірнеше сағат келіссөз жүргізді, бірақ ол нәтиже бермеді

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. "Бұқар Жырау" тұрғын үй кешенінде атыс ашқан ер адамның қаза болғанын Алматы полиция департаменті растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ер адам арнайы операция кезінде өз-өзіне қол салды, деп хабарлады полиция.

"Шамамен 30 рет рет оқ атылды. Ер адам жауапкершіліктен қорқып, өз-өзіне қол жұмсауды шешті. Ол он жетінші қабаттан қаруымен бірге секіріп кетті. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов оқ атқан адаммен келіссөздің алты сағаттан астам жүргізілгенін айтты.

"Оның бұл әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр. Бұл факті күндіз сотқа дейінгі тергеу тізіліміне "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелген болатын. Зардап шеккен күзетші ауруханаға жеткізілді, оған тиісті көмек көрсетілді", - деді Әбдірахманов.

Келіссөздер кезінде ер адамның тарапынан ешқандай талап болмаған. 

Оқи отырыңыз: Полиция оқ жаудырған ер адамды неліктен ұзақ уақыт бойы ұстай алмағаны белгілі болды

 

Жаңалықтар
0