Бұқар жырау тұрғын үй кешені

"Бетіне түкірді": атыс болған үйдің қызметкері секіріп өлген ер адам туралы айтты

817
(Жаңартылды 14:24 26.04.2021)
"Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің қызметкері 17-ші қабаттан секіріп өлген ер адаммен бұрын дін тақырыбында әңгімелескенін айтты

АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. "Бұқар жырау" тұрғын үй кешені №3 блоктың Валентина есімді консьержі бірнеше күн бұрын атыс ашқан ер адам туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Онымен бірнеше рет сөйлескенмін. Қандай да бір тақырыпқа қатысты әңгіме айтқанда оған қарсы пікір айтсаң, ашуланып, көз алдында өзгеріп шыға келеді. Дөрекілік танытады. Әйтеуір ортақ тіл табысып кеттік. Өтіп бара жатып бірде бөтелке, бірде алма беріп кететін", - деді Валентина.

Алайда ол ер адамның нақты атын білмейтінін айтты. Ортақ чатта Аби Сұлтан деп жазылған, басқалары оны Сүлеймен деп атапты.

"Ол өте діндар адам болды, тіпті фанатик деп айтар едім. Құран мен Библияны жақсы білетін. Ұлы, отбасы туралы айтатын. Төрт баласы бар, бірнеше жыл бұрын неге екенін білмеймін әйелі кетіп қалған. Осында төрт айдан бері жұмыс істеймін. Ол жалғыз тұратын, кешенде 10 жыл, біраз уақыт отбасымен де бірге тұрған", - деді Валентина.

Басқа тұрғындар да ер адамның 10 жылдан бері тұратынын растады. Әйелі мен төрт баласы шамамен 5 жыл бұрын кетіп қалған.

Оқи отырыңыз: Алматыда күзетшіні атып, терезеден секіріп өлген ер адам Ресей азаматы болып шықты

"Өте дөрекі адам болды. Менің көзімше бір жағдай үшін әйелдің бетіне түкірді. Әрине, қайтыс болған адамды жамандауға болмайды, бірақ бұл жерде ешкім ол туралы жақсы пікір айтпайтын сияқты", - деді Валентина.

  • Бұқар жырау тауэрс тұрғын үй кешенінің оқиғадан кейінгі көрінісі
    "Бұқар жырау тауэрс" тұрғын үй кешенінің оқиғадан кейінгі көрінісі
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Бұқар жырау тауэрс тұрғын үй кешенінің оқиғадан кейінгі көрінісі
    "Бұқар жырау тауэрс" тұрғын үй кешенінің оқиғадан кейінгі көрінісі
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Бұқар жырау тауэрс тұрғын үй кешенінің оқиғадан кейінгі көрінісі
    "Бұқар жырау тауэрс" тұрғын үй кешенінің оқиғадан кейінгі көрінісі
    © Sputnik / Тимур Батыршин
1 / 3
© Sputnik / Тимур Батыршин
"Бұқар жырау тауэрс" тұрғын үй кешенінің оқиғадан кейінгі көрінісі

"Әріптесім ел аузындағы жағдайды айтып берді. Марқұм паркинг арқылы көшеге шығып күзетшіге барған. Оның белінде пышағы мен қолында мылтығы болған. Күзетшіден рациясын сұраған, содан кейін оны жаралаған. Паркинг арқылы қайта оралып, полицияны көргеннен кейін пәтеріне кірген", - деді Валентина. Ал оқиға күні консьерж демалыста болып, орнына кезекпен істейтін қызметкер шыққан.

Тұрғындар көршісінің ерсі әрекетіне пәтер иелері кооперативіне бірнеше рет шағымданған. Алайда ешқандай шара қолданылмаған.

817
Кілт сөздер:
Алматы, оқ, тұрғын үй, полиция
Тақырып бойынша
Алматыда қарулы адам күзетшіге оқ атқан сәттің видеосы жарияланды
Қарулы адамды ұстау операциясы – оқиға орнынан түсірілген видео
Полиция оқ жаудырған ер адамды неліктен ұзақ уақыт бойы ұстай алмағаны белгілі болды
Алматыдағы атыс: полиция 17-ші қабаттан секірген ер адамның қаза болғанын растады
Архивтегі сурет

Көкшетауда бір жасар сәби терезеден құлап кетті

2014
(Жаңартылды 17:19 15.05.2021)
Бүлдіршін терезеден далаға қарап отырған. Абайсызда құлаған кішкентай қыз оқиға орнында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында сәби жетінші қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл Ақмола облысында көктем басталғалы үшінші жағдай.

"14 мамыр күні кешкі сағат 18:55 шамасында жедел жәрдем фельдшерінен  хабарлама келіп түсті. Ол Абылай хан көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жетінші қабатынан баланың құлап кеткенін айтты. Бүлдіршін терезенің алдында далаға қарап отырған", - деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болған кішкентай қыз 2019 жылы туылған.

Оқи отырыңыз: Отағасы ұйықтап жатқан: Терезеден қарап отырған әйел қызынан көз жазып қалды

Аталған факт бойынша полиция қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

2014
Кілт сөздер:
Көкшетау, балкон, қайтыс болды, терезе, сәби, бала
Тақырып бойынша
Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды – видео
Шымкентте жасөспірім қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды
Ақтөбе облысында терезеден құлап кеткен бір жасар сәби ауруханада көз жұмды
Мас болған: Оралда жасөспірім қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті
Жанып жатқан көлік

Шығыс Қазақстан облысында өртенген жүк көлігінен екі адамның мәйіті табылды

2620
Өскемен - Алтай тас жолының 25-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан көлік өртеніп кетті

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Өскемен-Алтай тас жолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады құтқарушылар.

Volvo автокөлігі белгісіз себептерге байланысты аударылып қалған. Осыдан кейін автокөлік өртене бастаған.

Тела двух человек нашли в сгоревшем грузовике
© Photo : ДЧС ВКО
Жүк көлігі өртеніп кетті

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндірді.

Оқи отырыңыз: Ақтауда көшенің қақ ортасында көлік жарылды – видео

Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды, олардың кім екендігі анықталуда. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі.

2620
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, өрт, мәйіт, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам көз жұмды
Алматы полициясы мылжа-мылжасы шыққан ондаған мәйіт туралы видеоға түсініктеме берді
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші апат орнынан қашып кетті
Жаяу адамды басып кетті: Алматыда атышулы жол апатына кінәлілер сотталды – видео
Туысының көлігін ұрлап мінген: Шымкентте жасөспірім сұмдық жол апатын жасады – видео
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1083
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1083
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы