Оқиға

Әкесін ұрлаған: Алматыда секіріп өлген ер адамға қатысты тың ақпарат жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖК "Бухар жырау"
ЖК Бухар жырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Адамдарға оқ атып, кейін өзіне қол жұмсаған ер адам осыдан бірнеше жыл бұрын заңға тартылған. 4 жыл бұрын туған бауырлары өз әкесін ұрлады деп арызданған

АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. "Бұқар жырау тауэрс" тұрғын үй кешенінен секіріп кеткен ер адам туралы жаңа мәліметтер пайда болды.

КТК телеарнасының хабарлауынша, ол Ресейдің 53 жастағы азаматы Руслан Исаев. Алматыға өткен жылдың соңында отбасымен бірге жұмысқа орналасу мақсатында көшіп келген. Жақында жұбайы ажырасуға өтініш беріп, төрт баласымен бірге еліне оралған.

Таныстары ер адамның психикалық ауытқулары болғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Атыс пен арнайы операциядан кейінгі "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің кейпі – фото

Азамат осыдан бірнеше жыл бұрын заңға тартылған. 4 жыл бұрын туған бауырлары өз әкесін ұрлады деп арызданған. Полиция іс қозғап, іздеу жұмыстарына кіріскен. Алайда ол кезде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жабылған.

Айта кетейік, 24 сәуірде Алматыда "Бұхар жырау тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам тұрмыстық жанжал кезінде күзетшіге оқ атты. Содан кейін бірнеше сағат бойы полициямен келіссөзге келмеді. Пәтерінің терезесіне қисынсыз сөз жазылған плакат іліп, полицияға оқ атты. Полиция қаруы бар ер адамды ұстау үшін арнайы операция өткізді. Іс-қимыл кезінде ер адам 17-қабаттың терезесінен секіріп кетті.

Жұмыс орнында жарақат алған күзетшінің жағдайы жақсарып келеді. Тізесіне операция жасалған соң науқас палатаға ауыстырылды.

Жаңалықтар
0