Оқиға

Ақтөбеде ер адамның әйелді соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
Бейнебақылау камерасына түсіп қалған бұл көрініске қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті ресми хабар таратты

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің кіреберісінде белгісіз ер адам егде жастағы әйелді соққыға жықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Instagram желісіндегі zello_atyrau_06 парақшасында жарияланды. Видеода артынан ілесіп келген ер адам екі қолымен әйелдің иегінен шалқалай тартып жерге құлатады да, оң қолымен бетінен ұрады. Бетін көлегейлеген әйел еденнен тұра алмай жатқан сәтте жігіт сыртқа қаша жөнеледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН 🍀 (@zello_atyrau_06)

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған бұл көрініске қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті ресми хабар таратты.

"Аталған факті бойынша күдіктінің жеке басын анықтау және оны қамауға алу бойынша жедел шаралар қабылданды. Бұзақылық әрекет бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Оқи отырыңыз: "Қаным басыма шапты". Майғазиев өнердегі ағасына неге жұдырық жұмсағанын түсіндірді

Жаңалықтар
0