Оқиға

Ақтөбеде егізге жүкті әйел күйеуімен бірге қаза болды - жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы

© Photo : РixabayЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2021
Жазылу
Он тоғыз жастағы ер адам жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан ерлі-зайыптыны қағып кетті. Олардың туыстары мен жақындары кінәліні жазалауды талап етуде

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр - Sputnik. Ақтөбеде 25 сәуір күні 29 жастағы ер адам мен оның егіз балаларға жүкті 27 жастағы әйелін көлік қағып, салдарынан екеуі де мерт болды. Қайтыс болғандардың туыстары биліктен жол-көлік оқиғасын жедел тексеруді және кінәліні жазалауды талап етеді.

Қайғылы оқиға 25 сәуірде Ақтөбедегі тергеу изоляторы жанындағы Сельмашевский көпірінен түскен кезде болды, деп хабарлайды жергілікті "Ақтөбе Таймс".

Өңірлік полиция ұсынған деректерге сәйкес, 19 жастағы Hyundai Solaris маркалы автокөлік жүргізушісі Арынов көшесі бойымен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде ерлі-зайыптыға жол бермей, оларды қағып кеткен.  

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның 29 жастағы күйеуі медициналық жедел  жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол келесі күні қайтыс болды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полицияның ақпаратынша, жас жігіт жүргізуші куәлігін 2020 жылдың соңында ғана алған.

Белгілі болғандай, қайтыс болған ерлі-зайыпты - Ақтөбе облысы, Жем қаласының тумалары. Олар бірнеше жыл бұрын облыс орталығына үш баласымен бірге көшіп келген. Жол-көлік апаты кезінде әйел жүктіліктің жетінші айында болған. Олар дүниеге егіз бала келеді деп жүрген.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды

Жем қаласының тұрғындары жантүршігерлік апаттың жіті тергеліп, кінәліні заңға сәйкес жазалауды талап етеді. Қайтыс болғандардың артында үш баласы қалды.  

"Балалар әлі күнге дейін әке-шешесінің көз жұмғанын білмейді", - дейді ерлі-зайыптының таныстары.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Кінәлі бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0