Өңірлер

Алматы облысында гараждан екі студенттің мәйіті табылды  

© Public DomainСТО, гараж
СТО, гараж - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Алдын ала болжамға сәйкес, 17 жастағы бозбалалар көлікті жөндеу кезінде уланып өлген, дейді полицейлер  

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Алматы облысында гараждан кәмелет жасқа толмаған екі бозбаланың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған. Әлеуметтік желіде екі бозбаланың жергілікті колледжде оқығаны туралы ақпарат бар. Алматы облысының полициясы жеке меншік үйдің гаражында кәмелет жасқа толмаған екі адамның көз жұмғанын растады. Тергеу шаралары басталып кетті.

"28 сәуірде Жаркент қалалық полиция бөлімшесіне екі адамның көз жұмғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған полицейлер жеке үйдің гаражынан 17 жастағы екі бозбаланың мәйітін тапты. Зорлықпен өлтіру белгілері болмаған. Алдын ала болжамға сәйкес, екеуі көлікті жөндеу кезінде иіс тиіп көз жұмған", - дейді полицейлер.

Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 4-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0