Полиция көлігі, архивтегі сурет

Талдықорғанда вокзалға бұзақыны ұстауға барған полицей ауруханадан бір-ақ шықты

1566
(Жаңартылды 16:20 04.05.2021)
Ауруханаға түскен учаскелік инспекторға ота жасалды, дәрігерлердің айтуынша, жағдайы – орташа ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда учаскелік полиция инспекторы бұзақыны ұстау кезінде пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 3 мамыр күні болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрдан "мигалкасы" жанған бірнеше полиция көлігі көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАН 24/7 (@kris_p_tdk)

Белгілі болғандай, бұл – Абай-Жансүгіров көшелерінің қиылысында қаруланған ер адамды ұстау операциясы.

Алматы облысы ПД ақпаратынша, полицияға әйел хабарласып, белгісіз біреу автовокзал аумағында оны қорқытып жатқанын айтты. Күдікті тәртіп сақшыларын көрген кезде жасырынуға тырысқан. Соңынан қуған полицейлерге ас үй пышағымен қарсылық көрсетті.

Тағы оқыңыз: Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды

"Күдікті – Көксу ауданының 23 жастағы тұрғыны. Ұстау кезінде ол қызметкерлердің бірін пышақпен жарақаттады. Қазір қамауда отыр. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-тармағы "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бойынша қылмыстық өндіріс басталды", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Ауруханаға түскен учаскелік инспекторға ота жасалғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, полицейдің жағдайы – орташа ауыр.

1566
Кілт сөздер:
полицей, вокзал, Талдықорған
Тақырып бойынша
Балқашта 13 жасар қызды зорлаған полицейге сот үкімі шықты
Алматы облысында полицей әріптесін жарақаттады
Қораға жүгіріп барған: Ақмола облысында полицей қайғылы оқиғаның алдын алды
Карантинде басы дауға қалған алматылық полицей басшылық қызметке тағайындалды
Отқа оранған тұрғын үй

Тілсіз жау 4 адамның өмірін жалмады: Павлодарда тұрғын үй отқа оранды видео

1656
(Жаңартылды 10:52 10.05.2021)
Тілсіз жау он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шығып, 56 шаршы метр аумақты шарпыды

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Павлодарда көп қабатты үй пәтерінен шыққан өртте екі әйел мен ер адам және бір бала қаза тапты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Камзин көшесіндегі №364 үйде шыққан өрт туралы хабар кезекші бөлімге 9 мамырда сағат 21.02-де түскен.

Тілсіз жау он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шығып, 56 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Четыре человека погибли при пожаре в жилом доме в Павлодаре
© Photo : ДЧС Павлодарской области
Өрт салдарынан төрт адам қайтыс болды

Өрт сөндірушілер кіреберістен 25 тұрғынды эвакуациялады, оның төртеуі балалар. 21.30-да өрт оқшауланып, 21.48-де толық сөндірілді.

Пожар в квартире в Павлодаре
© Photo : ДЧС Павлодарской области
Өрт 56 шаршы метр аумақты шарпыды

"Пәтер ішінен әйел адамның, ал баспалдақ маңынан ер мен әйелдің және бір баланың мәйіті табылды. Олардың барлығы да иіс тиіп уланған", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мейрамбек Батырқұлов.

Пожар в квартире в Павлодаре
© Photo : ДЧС Павлодарской области
Әп-сәтте күлге айналған пәтер

Оқиға орнында 28 маман жұмыс істеп, өрт сөндіруге 8 техника мен сынамалы өрт сөндіру зертханасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, тұрғындардың отқа ұқыпсыз қарауы өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

1656
Кілт сөздер:
Павлодар, өрт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда сауда үйінің жанындағы жеке үй өртенді – видео
"Бұл – сұмдық": Солтүстік Қазақстанда жеті үй өртеніп кетті – видео
Қонақ үй, дәмхана, базар: Арыстанбек Мұхамедиұлы қалай байығанын ашық айтты – видео
Журналистер атыс болған "Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніне барды – видео
Көкшетауда 16 үй өртеніп кетті
Виды Нур-Султана ночью

Астаналық жігіттің көпірден секірген видеосы желіде тарады

2689
(Жаңартылды 09:10 10.05.2021)
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен сәтте жас жігіт көпірден секіріп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Астаналық жігіт "Қазақстан" спорт кешенінің маңындағы көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал оқиға сәтінде түсірілген видео Instagram желісіндегі kris.p.astana парақшасында жарияланды. Ақпаратқа сәйкес, мас адам "Қазақстан" спорт кешенінің көпірінен секіріп кеткен. 

Оқиға 9 мамырда таңертең болған және көпірден суға секірген адамды полиция қызметкерлері құтқарды.

"9 мамырда сағат 04:30-да полиция департаментінің жедел басқару орталығына ер адамның Қажымұқан көшесінің бойындағы "Қазақстан" спорт кешені маңындағы көпірден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті. Полицейлер оқиға орнына жеткен сәтте жас жігіт көпірден секіріп үлгерді", – делінген хабарламада.

Жігітті құтқару үшін тәртіп сақшылары да суға түсіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.

Тексеру нәтижесінде 22 жастағы астана тұрғыны мас күйде болғаны анықталды.

"Оқиға орнында дәрігерлер көмегі ұйымдастырылды және қазіргі кезде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметі.

Оқи отырыңыз: Дыбыс зорайтқышпен ән салған: арыстық жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан қуылды – видео

2689
Кілт сөздер:
көпір, Астана
Тақырып бойынша
Қарағандылық әйел үйдің терезесінен секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
Алматыда полициямен атысқан ер адам 17-ші қабаттан секіріп кетті
Алматылық әйел оныншы қабаттың терезесінен секіріп кетті
Бүкіл отбасы үйде болған: Нұр-Сұлтанда 22 жастағы қыз он бірінші қабаттан секіріп кетті
Оралда 20 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Процент

Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

0
(Жаңартылды 14:51 10.05.2021)
Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді, дейді маман

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр - Sputnik. Ресейдің қаржы министрлігіне қарасты қаржылық сауаттылық орталығының директоры Анна Харнас кредитті қай кезде уақытынан бұрын төлеу тиімді болатынын айтты, деп хабарлайды "Российская газета".

"Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді. Төлем жүйесі әдетте аннуитет болуы керек. Алдымен сіз банк процентін төлейсіз. Содан кейін сіздің төлеміңіздегі сыйақы сомасы азаяды, ал негізгі қарыз керісінше, өседі. Сондықтан кредит мерзімі басталған кезде мерзімінен бұрын өтеу процентті қайта есептеп, артық төлемнің төмендеуіне әкеледі", - деп түсіндірді Харнас.

Оның айтуынша, кредит мерзімінің соңында уақытынан бұрын өтесеңіз, үнемдей алмайсыз. Өйткені бұл уақытта негізгі қарыз төленіп жатады.

Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Харнас кредит төленетін күні мерзімінен бұрын өтеу жасалғаны дұрыс деп түсіндірді. Өтйкені, егер сіз кейінірек төлейтін болсаңыз, онда кезекті төлем күнінен бастап өткен күндер үшін есептелген сыйақы енгізілген сомадан есептеліп, қалған сома ғана мерзімінен бұрын өтеуге кетеді. 

0
Кілт сөздер:
банк, несие, үнемдеу
Тақырып бойынша
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады
Қазақстанда 750 миллиард теңге кредитті төлеу мерзімі кейінге шегерілді
Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ