Өңірлер

Маңғыстау облысында бір жасар бала даладағы дәретханаға құлап кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинОбщественный туалет в Чарыне. Цена - 100 тенге
Общественный туалет в Чарыне. Цена - 100 тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Оқиға орнына дәрігерлер барып, баланы құтқару операциясын жүргізді. Оған сол үйде болған жасөспірім бала қатысқан

АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында бала көшеде орналасқан дәретханаға құлап кеткен, деп хабарлады InAktau.

Оқиға 3 мамырда Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында болған. Облыстық шұғыл медициналық көмек станциясының хабарлауынша, сағат 12:40 шамасында "103" қызметіне жеке үйдің аумағында бір жасар бала дәретханаға түсіп кеткені туралы хабар түскен.

Оқи отырыңыз: Әжетханаға түсіп кеткен телефонды аламын деп үш адам ажал құшты 

Баланың ата-анасы оны өздері шығара алмаған. Сол себепті полиция мен жедел жәрдемге хабарласқан.

Оқиға орнына дәрігерлер барып, баланы құтқару операциясын жүргізді. Оған сол үйде болған жасөспірім бала қатысқан.

Жасөспірімге балаға қалай көмектесу қажет екенін түсіндірген. Оны аяғынан ұстап дәретхана тесігінен ішке түсірген. Ол бір жастағы баланың қолынан ұстаған. Содан кейін мамандар екі баланы да шығарып алды. Балаға медициналық көмек көрсетілді, ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

 

Жаңалықтар
0