Автобус сбил девушку, перебегавшую улицу Навои

Алматыда автобус бойжеткенді қағып кетті

5763
(Жаңартылды 16:04 05.05.2021)
Жаяу жүргіншілер өткеліне ондаған метр қалғанда бойжеткен жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтуге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Алматыда Жандосов көшесі мен Навои көшесінің қиылысында қоғамдық көлік бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, №121 бағыттағы автобус Навои көшесімен солтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Жаяу жүргіншілер өткеліне ондаған метр қалғанда бойжеткен жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтпек болған.

Оқи отырыңыз: Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті

Бойжеткен жолға қарай жүгіріп шыққандықтан, автобус жүргізушісінің апаттың алдын алу үшін жасаған әрекеті нәтижесіз болды. Ол тежегішті жедел басқан. Бірақ инерциямен қозғалған автобус соққысынан бойжеткен қатты зардап шекті. Кейіннен ол ауыр халде жақын ауруханаға жеткізілді.

5763
Кілт сөздер:
Алматы, автобустар
Тақырып бойынша
Алматыда автобус жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті
Алматы облысында мас жүргізуші бір топ оқушыны қағып кетті
Петропавлда жолаушыны екі бірдей көлік қағып кетті: оқиғаның мән-жайы
Павлодарда 72 жастағы көлік жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті
Астраханда жартылай жалаңаш жүргізуші екі адамды қағып кетті
Телефон

WhatsApp-пен аудиохабарлама алған Өскемен тұрғыны туған сіңлісін соттап жіберді

1124
Сот әйелді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыс жасауға міндеттеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында туған әпкесін балағат сөзбен қорлаған келіншек 80 сағаттық қоғамдық жұмыс жасауға міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы күзде Өскемен қаласында тұратын апалы-сіңлі арасында анасынан қалған мұра бойынша жанжал туындаған. Сол кезде кішісі туған әпкесі мен оның күйеуін жамандап, WhatsApp арқылы аудиожазба жіберген. Ал әпкесі оны сақтап қояды да, сотқа жүгініп, отырыс кезінде дәлел ретінде көрсеткен.

"Сот әйелді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыс жасауға міндеттеді. Сотталған пробация қызметінде есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті органға жіберілді", - дейді пробация қызметінің бастығы Алмас Бұйратов.

Сондай-ақ пробация қызметінің инспекторлары әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіп, есепке алынған адамды одан ары қарай жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Алматы базарындағы төбелес видеосы қызу талқыланып жатыр: полиция не дейді

1124
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, балағат сөз
Иллюстративті фото

Нұр-Сұлтанда екі спортшы төбелесті бірі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

535
Полицейлер Ақтөбеден келген спортшыны ұстады. Ол жерлесінің кеуде тұсынан пышақ ұрған

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қонақ үйдегі төбелес бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ақтөбеден келген спортшы жерлесіне пышақ сұққан.

Ресми мәліметке сәйкес, жексенбі, 20 маусым күні полицияға Қорғалжын тасжолындағы қонақ үйде төбелес басталғаны туралы ақпарат түскен. Қоңырау шалған адам төбелескен жігіттің қарсыласының кеуде тұсына пышақ сұққанын айтқан. Оқиға орнына бірден патрульдік экипаж барды. Тәртіп сақшылары төбелеске қатысқан адамдарды да, жанжалдың неден шыққанын да анықтады.

"Төбелескен екі жігіт те Ақтөбеден келген. Олар 15 маусым күні Нұр-Сұлтанға қазақша күрестен республикалық жарысқа қатысу үшін келген. 20 маусымда жарыстар біткеннен кейін қонақ үйге барған. Сол кезде 21 жастағы екі жас спортшының арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Бір спортшы жерлесінің кеуде тұсына пышақпен жарақат салды", - дейді полицейлер.

Жарақат алған спортшыны ауруханаға жеткізді. Ал күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары аясында жарысты ұйымдастырғандардың жұмысына да баға беріледі.

535

Қазақстандық теңізшілер халықаралық армия ойындарына дайындалып жатыр - видео

0
Қазақстанның әскери теңізшілері экипаждың Армия ойындарына дайындық деңгейін тексеру үшін Каспий теңізінде оқу-жаттығулар өткізді

Қазақстандық теңізшілердің алдында үлкен міндет тұр – олар 2021 жылғы Халықаралық Армия ойындарындағы теңіз бас жүлдесі үшін жарысқа түседі.

Соңғы рет Қазақстан бұл жарысқа 2019 жылы қатысқан болатын.

"Теңіз кубогы" – бұл суүсті теңіздерінің экипаждары арасында өтетін жарыс. Команда құрамына 60 қатысушы мен бес бапкер кіреді.

Оқи отырыңыз: Халықаралық армия ойындары-2019: "Танк биатлонының" финалы - видео

Жарыс кезінде экипаж мүшелері белгіленген жағдайда кеменің маневрін пысықтайды, жаттығу стимуляторындағы оқ тескен тұстарды жамау арқылы кемені аман алып қалу үшін күреседі, әуедегі және судағы нысаналарға түрлі қарудан оқ атады.

Теңізшілердің қалай дайындалып жатқаны туралы Қазақстанның қорғаныс министрілігі жариялаған видеодан тамашалаңыз.

0
Кілт сөздер:
әскери, әскерилер