Архивтегі фото

Көлік қақ бөлінген: Қазақстанның солтүстігінде жол апатынан екі адам көз жұмды

3617
(Жаңартылды 09:25 06.05.2021)
Аudi жолаушысы апат орнында қаза болды, осы көліктің тағы бір жолаушысы ауруханада жан тапсырды

ПЕТРОПАВЛ, 6 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Петропавловск Казахстан СКО (@sko_kz)

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Видеороликтің авторы автокөліктердің бірі қақ ортасынан бөлінгенін атап өткен.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы мылжа-мылжасы шыққан ондаған мәйіт туралы видеоға түсініктеме берді 

Полиция департаменті 5 мамырда шамамен сағат 13:00-де Тайынша қаласында жол қиылысында екі Аudi және Мitsubishi маркалы екі көлік жол апатына ұшырағанын хабарланды

"1987 жылы туған Audi көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан жарақат алған үш адам жедел жәрдем көлігімен Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасына жеткізілді, онда Audi-дің 1992 жылы туған жолаушысы қайтыс болды", - деп хабарлады полиция.  

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бұл бап белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

3617
Тақырып бойынша
Ақтөбеде егізге жүкті әйел күйеуімен бірге қаза болды - жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы
Қазақстанда қауіпті көліктер көбейіп жатыр – министрлік дабыл қақты
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам көз жұмды
Павлодарда 72 жастағы көлік жүргізушісі бойжеткенді қағып кетті
Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды
Полиция және жедел жәрдем көліктері, архивтегі сурет

Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

826
Тағы төрт адам, соның ішінде үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмды.

Қайғылы оқиға 18 маусым кешкі 19:20-да болды, деп хабарлайды облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

© Photo : Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбедегі жол апаты

Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі ГМЗ айналма тас жолымен Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпірге қарай солға бұрылу кезінде ресейлік есептегі ВАЗ2107 көлігімен соқтығысты.

Тағы оқыңыз: Көліктің быт-шыты шыққан: Алматыда бір адам көз жұмды

Жол апаты салдарынан ВАЗ2107 маркалы автокөлікте отырған 40 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе облысының полициясы жол апатын көрген куәгерлерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 кабинетіне баруға болады.

826
Кілт сөздер:
жол апаты, жолаушы әйел, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Рөлді жұлып кетті: Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті
Орал-Тасқала тасжолында жол апатынан полиция майоры көз жұмды
Батыс Қазақстанда жол апатынан кейін бірден бес адам жансақтау бөліміне түсті
Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты

Оралда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты екі жүргізуші де көз жұмды

129
Соққының қатты болғаны сонша, Passat-тың екі есігі ішке қарай кіріп кеткен. Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Орал қаласының айналма тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты
© Photo : БҚО полиция департаменті
Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты

Оқиға орнында түсірілген фотодан спорт мотоциклін мінген ер адамның жеңіл көліктің бүйіріне соғылғаны анық көрініп тұр. Соққының қатты болғаны сонша, Passat-тың екі есігі ішке қарай кіріп кеткен.

"18 маусым күні сағат 15:03-те Орал қаласының айналма жолында жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты. Екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, мотоцикл жүргізушісі 31, ал Volkswagen Passat-тың иесі 62 жаста болған.  

129

Royal Ascot ат жарысындағы ерекше бас киімдер фото

0
Британияда өтетін ең танымал корольдік ат жарысы Royal Ascot кезінде бейсенбі дәстүр бойынша Әйелдер күні деп саналады

Алғаш рет мұндай күн 1832 жылы енгізілді де, сол шақтан бері ағылшындардың ең сәнді шарасына айналды.

Әйелдер күні – бұл патшайымның көңіл аударуы үшін қыз-келіншектер арасында өтетін жарыс. Әйелдер күнінің қорытындысы бойынша Елизавета ІІ патшайым есте қаларлықтай ең сәнді киім үлгісін киген аруды марапаттайды.

Мұндай киім үлгісін ойлап табу да оңай шаруа емес. Бір жағынан бәріне ортақ дресс-кодты сақтап, мейлінше қатаң стильді сақтауға тырысу керек, екінші жағынан шляпа дизайны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Ал осы жылдан бастап Royal Ascot жарысына ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келе алады. Бірақ дресс-код сақталуы шарт.

Жалпы Royal Ascot төңірегінде аңыз-әңгіме де, салт-дәстүр де көп. Оны танымал тұлғалар мен патшайымдар отбасы қолдап келеді.

Ең басты аңыз – ипподромның құрылу тарихы. Оның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады. Бұл 1711 жылы болған оқиға. Араға бір жыл салып дәл сол жерде алғашқы ат жарысы өтеді. Ол шара ағылшын элитасының ішінде жоғары деңгейде танымал болған.

Бұл ипподромды британдық тақтың иесі – ханзада Уильям шыққан адамдар басқарған.

0
  • © AP Photo / Alastair Grant

    Актерлер Ребекке Джонсон мен Брайан Манн Аскоттағы корольдік ат жарысының бірінші күнінде фотографтардың сұрауымен суретке түсіп тұр. Англия.

  • © AFP 2021 / Daniel Leal-Olivas

    Royal Ascot ат жарысының тарихы үш жүз жылдан астам уақытты қамтиды. 1711 жылы ипподромның негізін қалаған Анна патшайым атпен серуендеп келе жатып, бос жатқан аумақты байқап қалады.

  • © AFP 2021 / Daniel Leal-Olivas

    Британдық басқарушы әулет бұл жазық даланы 558 фунтқа сатып алған. Аскот ипподромының жобасы XVIII ғасырдың ортасында әзірленгенімен, ол 1960 жылы ғана заманауи үлгіде қайта жабдықталды. 2004-2006 жылдар аралығында оған реновация жүргізілді. Алайда бұл жағдай ат жарысын тоқтатуға себеп болған жоқ. Елизавета ІІ патшайым уақытша бұл шараны Йоркке ауыстырды.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Корольдік Royal Ascot ат жарысындағы дресс-код ғасырлар бойы қалыптасып келді. Осы жылы ер адамдар – көйлек, әйелдер – шалбар киіп келуіне болатыны сияқты жаңа ережелердің енгізілуіне қарамастан, басты дресс-код бұзылмай келеді.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Шляпа, яғни қалпақшалар да – Аскоттағы бәйгенің бір бөлшегі. Дресс-код талабы бойынша шляпаның астыңғы тірек бөлігінің көлемі 10 сантиметрден кем болмауы керек.

  • © REUTERS / Andrew Boyers

    Аскоттағы ат жарысы кезінде дәстүр бойынша Ladies Day өтеді де, оның аясында аристократ қыз-келіншектер шляпаларының көлемі мен дизайны бойынша жарысқа түседі. Әйелдер күні алғаш рет 1823 жылы енгізілген болатын. Сол уақыттан бері ат бәйгесіне келгендер жарыспен қатар сән тақырыбын да қызу талқылап келеді. Ат жарысының үшінші күнінде қыз-келіншектер патшайымның олардың киім үлгісіне көңіл аударуы үшін жарысқа түседі. Жыл сайын дәл осы күні Елизавета ІІ патшайым ең ерекше, сәнді әрі жарасымды шляпа иесін марапаттайды.

  • © REUTERS / Andrew Boyers

    Аскотта әрбір елуінші жылы, кейде король ауысқан сайын өзгерістер енгізіліп тұрған. Бірақ дресс-код пен шляпа еш өзгеріске ұшыраған емес.

  • © REUTERS / Andrew Boyers

    Аскоттағы корольдік ат жарысы секілді консервативті салаға да техника жеткені байқалады.

  • © AFP 2021 / Daniel Leal-Olivas

    Коронавирус пандемиясы да ережелерді қайта қарауға мәжбүр етті. Сондықтан биылғы Royal Ascot әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағуды қарастырды.

  • © REUTERS / Peter Cziborra/Action Images

    Royal Ascot жарысына қатысу үшін шляпа мен фасинаторды ажырата білу керек. Себебі Анна патшайымның демалыс орнына тек шляпа киген сұлулар ғана кіре алады.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Шляпалар дизайны бойынша еркіндік берілгенімен, оның дресс-кодқа сәйкес қатаң әрі кербездікті паш ететін стильде болуы міндетті.

  • © AP Photo / Alastair Grant

    Аскоттағы ат жарысы кезінде патшайымды күнде көруге болады. Дәстүр бойынша Royal Ascot кезінде патша әулеті Виндзор сарайынан ашық жеңіл арбамен келеді.