Оқиға

Астаналық жігіттің көпірден секірген видеосы желіде тарады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана ночью
Виды Нур-Султана ночью - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен сәтте жас жігіт көпірден секіріп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Астаналық жігіт "Қазақстан" спорт кешенінің маңындағы көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал оқиға сәтінде түсірілген видео Instagram желісіндегі kris.p.astana парақшасында жарияланды. Ақпаратқа сәйкес, мас адам "Қазақстан" спорт кешенінің көпірінен секіріп кеткен. 

Оқиға 9 мамырда таңертең болған және көпірден суға секірген адамды полиция қызметкерлері құтқарды.

"9 мамырда сағат 04:30-да полиция департаментінің жедел басқару орталығына ер адамның Қажымұқан көшесінің бойындағы "Қазақстан" спорт кешені маңындағы көпірден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті. Полицейлер оқиға орнына жеткен сәтте жас жігіт көпірден секіріп үлгерді", – делінген хабарламада.

Жігітті құтқару үшін тәртіп сақшылары да суға түсіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.

Тексеру нәтижесінде 22 жастағы астана тұрғыны мас күйде болғаны анықталды.

"Оқиға орнында дәрігерлер көмегі ұйымдастырылды және қазіргі кезде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметі.

Оқи отырыңыз: Дыбыс зорайтқышпен ән салған: арыстық жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан қуылды – видео

Жаңалықтар
0