Оқиға

Тілсіз жау 4 адамның өмірін жалмады: Павлодарда тұрғын үй отқа оранды – видео

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуПожар в жилом доме
Пожар в жилом доме  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Жазылу
Тілсіз жау он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шығып, 56 шаршы метр аумақты шарпыды

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Павлодарда көп қабатты үй пәтерінен шыққан өртте екі әйел мен ер адам және бір бала қаза тапты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Камзин көшесіндегі №364 үйде шыққан өрт туралы хабар кезекші бөлімге 9 мамырда сағат 21.02-де түскен.

Тілсіз жау он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шығып, 56 шаршы метр аумақты шарпыған. 

© Photo : ДЧС Павлодарской областиӨрт салдарынан төрт адам қайтыс болды
Тілсіз жау 4 адамның өмірін жалмады: Павлодарда тұрғын үй отқа оранды – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Өрт салдарынан төрт адам қайтыс болды

Өрт сөндірушілер кіреберістен 25 тұрғынды эвакуациялады, оның төртеуі балалар. 21.30-да өрт оқшауланып, 21.48-де толық сөндірілді.

© Photo : ДЧС Павлодарской областиӨрт 56 шаршы метр аумақты шарпыды
Тілсіз жау 4 адамның өмірін жалмады: Павлодарда тұрғын үй отқа оранды – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Өрт 56 шаршы метр аумақты шарпыды

"Пәтер ішінен әйел адамның, ал баспалдақ маңынан ер мен әйелдің және бір баланың мәйіті табылды. Олардың барлығы да иіс тиіп уланған", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мейрамбек Батырқұлов.

© Photo : ДЧС Павлодарской областиӘп-сәтте күлге айналған пәтер
Тілсіз жау 4 адамның өмірін жалмады: Павлодарда тұрғын үй отқа оранды – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Әп-сәтте күлге айналған пәтер

Оқиға орнында 28 маман жұмыс істеп, өрт сөндіруге 8 техника мен сынамалы өрт сөндіру зертханасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, тұрғындардың отқа ұқыпсыз қарауы өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0