Оқиға

Алматы облысында жасөспірімді соққыға жыққан екі әйел іздестірілуде

CC0 / Oleksy Ohurtsov / Девушка
Девушка - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Полицейлердің айтуынша, өзара жанжалдан кейін екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып, оқиға орнына қашып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Алматы облысында аялдамада тұрған жасөспірімді екі әйел ұрып кетті. Қан жоса болып таяқ жеген 16 жастағы қыз  Алматыдағы балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жәбірленушінің фотосуреті Іnstagram желісіндегі boraldai.news парақшасында жарияланды. Ол жерде оқиғаның Боралдай ауылындағы Сахарный аялдамасында кешкі уақытта болғаны айтылады.

Сондықтан екі әйелдің кәмелетке толмаған қызды ұрғанын көрген адамдар аз емес деп санаған қыздың анасы куәгерлерді іздестіруде.

Ал Алматы облысының полициясы оқиға 13 мамырда сағат 18.35 шамасында Боралдай ауылындағы Космонавттар көшесіндегі аялдамада болғанын хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, өзара жанжалдан кейін екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып, оқиға орнына қашып кеткен. 16 жастағы жәбірленуші №1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде күдіктілерді анықтау мен оларды ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде", – дейді тәртіп сақшылары.

Оқи отырыңыз: Талғарда соққыға жығылған дәрігер әлі бір апта емделеді

Жаңалықтар
0