Өңірлер

"Жол апатынан 14 оқушы қайтыс болды": желіде тараған видеоның мән-жайы анықталды 

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото
Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Облыстық полиция департаменті 14 оқушы көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы тарап кетті. Ал мәтінде 14 оқушының қайтыс болғаны туралы айтылған. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Айшабибіде маевкадан қайтып келе жатқан 14 оқушы қайтыс болыпты. Ата-аналар чатына салыңыздар! Балалар ата-ана жанында болсын", - делінген видеоның сипаттамасында.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында ойына келгенін істеген түлектер ұсталды – видео 

Жамбыл облыстық полиция департаменті жол апаты 24 мамырда Айша Бибі ауылының жолында болғанын хабарлады.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Таразға қарай келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі BMW көлігінің соқтығысқанын анықтады. Жол апатынан BMW-ның 19 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы сол жерде қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Бұдан бөлек, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0