Оқиға

Інісінің артынан секірген: Түркістанда екі бала дәретханаға құлап кетті

© Photo : Рixabay/ThomasWolterДәретхана
Дәретхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Шұңқырға құлаған қыз бен ұлдың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында екі бала тереңдігі бес метрлік көше дәретханасына құлап кетті. Алдымен шұңқырға 4 жасар ұл құлаған, інісін құтқару үшін он жасар апасы артынан секірді.

Төтенше жағдай Қапланбек ауылындағы жер үйде шамамен сағат 19:20-да болды. Учаскелік полицейлер оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Балалар шұңқырда тұншығып өлуі мүмкін еді, сол себепті әр минут қымбат болды. Полицейлер сүймен және басқа да құралдардың көмегімен дәретхананы тез арада бұзып, балаларды алып шықты. Дәрігерлер оларға медициналық көмек көрсетті", - деді полициядағылар.

Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Көрші әйел оқиға қалай болғанын айтып берді.

"Балалардың анасы үйімнің есігін қағып, "Көршілер! Көмектесіңдер!" деп айғайлады. Мен жүгіріп шығып, не болғанын сұрадым. Ол балаларының дәретханаға құлап кеткенін айтты. Жүгіріп барсақ, екі бүлдіршін шұңқырда жатыр. Бірден 102 нөміріне қоңырау шалдық. Полицейлер екі минуттың ішінде жетіп келді. Сүймендермен дәретхананы бұзып, балаларды шығарды. Тәртіп сақшылары болмағанда, оларды құтқара алмас едік",  - дейді әйел.

Тағы оқыңыз: БҚО-да екі бала қоқыс төгетін шұңқырға құлап, тұншығып өлді

Балалардың анасы Сарыағаш полиция бөлімінің инспекторларына ризашылығын білдірді.

Биыл мамырда Маңғыстау облысының ауылында бір жасар сәби септикке құлап кеткен болатын. Баланы жедел жәрдем дәрігерлері құтқарды.

Жаңалықтар
0