Өңірлер

Алматы облысында ауруханаға барған адам полицеймен төбелесті – оқиғаның видеосы

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины, показывающего кулак
Архивное фото мужчины, показывающего кулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ақ жейде киген ер адамның полицейдің ар-намысына тиетін сөз айтып жүргенін көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында болған төбелестің видеосы желіде тарап кетті. Ауруханаға барған ер адам жанжал шығарып, артынан оқиға орнына келген учаскелік инспекторды ұрып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ақ жейде киген ер адамның полицейдің ар-намысына тиетін сөз айтып жүргенін көруге болады. Инспектор оны итеріп жібереді. Осы кезде ер адам полицейді бір тебеді. Сосын формасыз төбелеске шығуға шақырады. Далада жиналған адамдар екеуін ажыратуға тырысып жүр. Бірақ ашуға мінген адам сытылып шығады да, полицейді тағы тебеді, сосын бетінен екі рет ұрады. Бұзақының сөзіне қарағанда, ауруханаға оның келіншегі түскен.  

Оқи отырыңыз: Өскеменде ер адам полицейдің мойнына пышақ сұғып алды

Алматы облыстық полиция депаратменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Ресми мәліметке сәйкес, Еңбекші қазақ аудандық аурухананың қабылдау бөлімінен арыз түскен. Дәрігерлер Тургень ауылының 45 жастағы тұрғыны балағат сөз айтып, терезені сындырғанын жеткізген. Учаскелік инспектор бірден сол жерге барған.  

"Полиция қызметкері ер адамды сабырға шақырды. Бірақ ол тыңдаған жоқ, полицейді еш себепсіз беттен ұрған. Ал аулаға шыққаннан кейін тағы бірнеше рет соққы жасаған. Сосын оқиға орнынан қашып кеткен", - дейді полицейлер. 

Қазіргі кезде төбелес шығарған ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі (Бұзақылық, билік өкiлiне не қоғамдық тәртiптi күзету мiндетін атқаратын немесе қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесетін өзге де адамға қарсылық көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан бөлек, 380-баптың 1-тармағы (Билік өкiлiне қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні іздестіру шаралары басталды.

Жаңалықтар
0