Оқиға

Жезқазғанда қыздармен тіл табыса алмаған жігіт оқушыға пышақ жарақатын салды

© Photo : pixabay.comПарень в капюшоне, иллюстративное фото
Парень в капюшоне, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Жезқазған қаласында оқушы қызға пышақ жарақатын салған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

3 маусымда Жезқазған қаласының полиция басқармасына 14 жастағы қыздың пышақ жарақатыман медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабар түсті. Абырой болғанда жасөспірім қатты жарақат алған жоқ. Ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.

Жәбір көрген қыз полицейлерге пышақ жарақатын қалай алғанын айтып берді. Ол үйдің жанында тұрған. Сол кезде бейтаныс жігіт келіп, пышақпен бір ұрып, сосын қаша жөнелген.

"Ол жігітті алғаш рет көргенін айтты. Учаскелік инспекторлар бірден іздеу шараларына кірісті. Сөйтіп, 20 жастағы жігітті ұстады. Ол өз кінәсін мойындады", - дейді полицейлер.

Жас жігіт ондай әрекетке не үшін барғанын да түсіндірді. Оның айтуынша, қыздармен тіл табыса алмағаннан кейін біреуден өшін алғысы келген. Содан пышақ алып, кешке қарай көшеге шыққан. Далада бірінші кездестірген қызға пышақ жарақатын салған.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Жаңалықтар
0