Оқиға

Тоқтай алмаған: Алматыда жеті жасар бүлдіршін қайтыс болды

© Sputnik / СтрингерЖүк көлігі бүлдіршінді қағып кетті
Жүк көлігі бүлдіршінді қағып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Жүк көлігінің жүргізушісі қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды жүргізуші тым кеш байқаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Самокат мінген қызды жүк көлігі қағып кетті. Оқиға Алматының Алатау ауданында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

© Sputnik / СтрингерЖүргізуші қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды тым кеш байқаған
Тоқтай алмаған: Алматыда жеті жасар бүлдіршін қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жүргізуші қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды тым кеш байқаған

Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы Ақсу көшесінің бойында болған.

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Jac жүк көлігі Ақсу көшесімен батыс бағытқа қарай келе жатқан. Қиядан төмен қарай самокатпен түскен қызды жүргізуші тым кеш байқаған. Алайда, тоқтауға тырысқан әрекеті нәтижесіз болып, бүдіршінді басып өткен.

© Sputnik / СтрингерЖүргізушінің тоқтауға тырысқан әрекеті нәтижесіз болып, бүдіршінді басып өткен
Тоқтай алмаған: Алматыда жеті жасар бүлдіршін қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жүргізушінің тоқтауға тырысқан әрекеті нәтижесіз болып, бүдіршінді басып өткен

2013 жылы туған қыз жарақат салдарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері, тергеушілер мен криминалистер оқиға орнында тиісті жұмыстар жүргізуде.

Жаңалықтар
0