Доллар, теңге, көрнекі фото

"116 млн теңге болған": желі қолданушылары пойызда тоналған қыздың әрекетін талқылап жатыр

727
(Жаңартылды 15:57 10.06.2021)
31 мамырда 22 жастағы қыз сөмкесіне 116 900 000 теңгені салып, "Қостанай-Алматы" пойызына отырған

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым - Sputnik. Көліктегі полиция қызметкерлері "Қостанай-Алматы" пойызында 116 миллион теңгені ұрлап кеткендерді ұстады. Қылмыскерлер екі  көлік сатып алып үлгерген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 31 мамырда 22 жастағы қыз сөмкесіне 116 900 000 теңгені салып, "Қостанай-Алматы" пойызына отырған. Ал кешке қарай ұйықтап кеткен.

"Түнде пойыз Жақсы станциясынан қозғалғанда жас қыз оянып кеттң. Жан-жағына қараса, сөмкесі жоқ. Содан бірден жолаушылар пойыздарында жүретін көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерін шақырып, арыз жазған", - дейді полицейлер. 

Тәртіп сақшылары бірден шұғыл тергеу тобын құрып, іздеу шараларына кірісті. Жақын жатқан теміржол нысандары мен елді мекендер тексерілді. Пойызда болған жолаушылар мен жұмысшылардан жауап алынды. Сөйтіп, күдікті адамның фотороботы жасалды. 

"8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының көліктегі полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адамды ұстады. Олардың тұратын пәтерді тінту кезінде 12 620 000 теңге мен 198 500 АҚШ доллары тәркіленді. Күдіктілер ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген, екі көлік сатып алыпты", - дейді департамент басшысының орынбасары Нұржан Әлібаев.

Оқи отырыңыз: Таразда ер адамды тонау сәті видеоға түсіп қалды

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-тармағы (Ұрлық, аса ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары 116 миллион теңгенің салмағын есептеп шықты. 10 мың теңгелік банкнотпен 18 келі болады. Сол себепті қылмыскерлер ақшаның біраз бөлігін (шамамен, 80 миллион теңгені) долларға ауыстырып алған. Сондай-ақ, жас қыздың ұшаққа отырмаудың себебіне қатысты сұрақтар да жиі қойылады. Ұшаққа отырған кезде қол жүгі толығымен тексерістен өтеді. Салмағына да шектеу қойылған. Оған қоса, ақшаға толы сөмкенің қайдан шыққанын түсіндіру керек. Жолжүгі ретінде тапсыру да қауіпті. Сол себепті жас қыз ақшаны пойызбен тасымалдауға шешім қабылдаған.

727
Кілт сөздер:
пойыз, ақша, сөмке, тонаушылар
Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты

Оралда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты екі жүргізуші де көз жұмды

96
Соққының қатты болғаны сонша, Passat-тың екі есігі ішке қарай кіріп кеткен. Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Орал қаласының айналма тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты
© Photo : БҚО полиция департаменті
Оралда мотоцикл мен көлік соқтығысты

Оқиға орнында түсірілген фотодан спорт мотоциклін мінген ер адамның жеңіл көліктің бүйіріне соғылғаны анық көрініп тұр. Соққының қатты болғаны сонша, Passat-тың екі есігі ішке қарай кіріп кеткен.

"18 маусым күні сағат 15:03-те Орал қаласының айналма жолында жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты. Екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, мотоцикл жүргізушісі 31, ал Volkswagen Passat-тың иесі 62 жаста болған.  

96
Архивтегі фото

Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды

62
34 жастағы ер адамға кісі өлтірді деген айып тағылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында сот төрелігінен жасырынып жүрген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы ер адам кісі өлтірді деп айыпталуда.

2018 жылдың күзінде Қызылорда қаласындағы Яссауи мен Бөкей хан атындағы орталық көшелердің қиылысында өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінен кеуде тұсынан екі оқпен атып өлтірілген елорда тұрғыны табылды.

Полицейлер айыпталушының жеке басын анықтады. Сол жылдың 5 желтоқсанында Қызылорда қаласының тұрғыны осы кісі өліміне күдікті деп танылды. Бой тасалап қашып кеткен қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланған еді. Оған қатысты сот “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады.

Оқи отырыңыз: Халықаралық іздеу жарияланған әйел Нұр-Cұлтанға жеткізілді

Құқық қорғау органдары қажетті арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері іздестіріліп жүрген күдіктіні облыс орталығында, таңертең туыстарының жеке үйінде ұстады.

Ұсталған кезде ол тағы да қашып кетуге тырысып, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

62
Кілт сөздер:
Қызылорда, қауіпті қылмыскерлер
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве

Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді

0
Сарапшылар Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдегі саяси жағдай қалай өзгеретіні туралы пікірін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Күні кеше ғана Женевада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Екі көшбасшы да кездесуге көңілдері толатынын жеткізді. Алайда бұл кездесу екі елдің арасындағы шиеленістің біршама бәсеңдеуіне ықпал етті ме? Қос көшбасшының диалогы Ресей Федерациясының Еуропамен қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Осы туралы Sputnik материалында толығырақ.

Болашаққа бағдар

16 маусымда Женевада Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі революциялық өзгерістерге алып келмегенімен толыққанды диалогтың бастамасы болуы әбден мүмкін. Саммит қорытындысы бойынша "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығындағы пікірталасқа қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық қаруландыруды бақылауда ұстауды көздеуін растайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылуы екі президент кездесуінің маңызды нәтижесі болды. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов осылай деп санайды.

"Стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы шарт бес жылға созылғанымен, уақыт соншалық көп емес. Тараптар қаруландыруды бақылаудың жаңа моделі туралы келісімге келгені жақсы болар еді", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, өзара консультациялар мәселесіне киберқауіпсіздік проблемаларын қосуға АҚШ-тың келісуі де аса маңызды. Себебі бұған дейін Америка бұл мәселеден түбегейлі бас тартып келді. Сонымен қатар Андрей Кортунов Вашингтон мен Мәскеудегі елшілердің қайтарылуы да болашаққа оптимизммен қарауға себеп екенін айтты.

Ал РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов Ресей-Америка қарым-қатынасында проблемалар қордаланып қалғанын және ол бір кездесуде түгелдей шешіле қоймайтынын айтты.

"Бұл саммит консультациялар, келіссөздердің бастауы болуы керек. Егер жұмыс топтары құрылып, кездесулер басталса, мемлекет басшылары телефон арқылы немесе бетпе-бет кездесу арқылы сөйлесетін болса, онда диалог қалпына келеді. Алдағы бірнеше аптада-ақ нәтижесін көре аламыз", - деп болжам жасады ол.

Трамппен кездесуден өзгерек

Женевада өткен саммит Владимир Путиннің 2018 жылы Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуін еске салады, дейді Валерий Гарбузов.

"Трамппен кездесуден де көп нәтиже күтті. Кейбіреулер бұл кездесуді тарихи деп атады. Алайда бәрі құрдымға кетті. Болашақта Женева саммиті де осындай күй кешпесе деймін", - деді сарапшы.

Андрей Кортунов Байденнің Ресей президентімен кездесуді қысқа мерзімде тез ұйымдастыруы да жақсы нышан екенін айтты. Себебі алдыңғы президент Дональд Трамп Владимир Путинмен алғашқы және соңғы кездесуін өткізуі үшін жарты жыл уақыт жұмсаған болатын.

Еуропа, санкциялар және Украина

АҚШ пен Ресей арасындағы аздаған "жылымық" Вашингтонның еуропалық одақтастарының антиресейлік ұстанымын біршама жібітуге ықпал етеді. Сондықтан саммиттің позитивті нәтижесі Мәскеу үшін геосаяси аспектіде де тиімді деп санайды Валерий Гарбузов.

"Брюссельдегі Ресеймен ынтымақтастықты жақтаушылар үшін енді біршама жеңіл болады. Себебі ЕО үнемі Вашингтонға қарайлап келді. Олар Ресей бойынша америкалық позицияны есепке алады. Менің ойымша, Германия, Италия және Франциядағы әріптестерімізге Мәскеумен өзара әрекеттестік бойынша жаңа бастамалар, форматтар ұсыну жеңіл болады", - деп түсіндірді Андрей Кортунов.

Сарашы 2014 жылы жүмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесін қайта іске қосуға ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Ал ММХҚИ доценті Иван Тимофеев Ресейге қарсы батыстық санкцияларда қандай да бір өзгеріс болмайды деп пайымдады.

"Жақын уақытта ешқандай америкалық санкцияны алып тастамайды. Оған еш себеп жоқ. Бірқатар санкция АҚШ заңнамасында көрініс тапты. Байден оларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы секілді тоқтатуы мүмкін, бірақ күшін жоя алмайды. Санкциялар жеңілдетілмейді. Бірақ жаңа қатаң шаралар да енгізілмейді", - деді ол.

0