Оқиға

Тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түскен бүлдіршін қайтыс болды

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Қыздың миында ауыр дәрежеде аноксиялық зақымдану болған

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым - Sputnik. Нұр-Сұлтанда жеке стоматологияға барып тісін емдеткеннен кейін комаға түскен қыз қайтыс болды. Тіс дәрігеріне барған кезде Алиса екі жарым жаста болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Анастасия Зелёная ( Шарф) (@anastasiya_zelenaya95)

Бұл туралы қыздың анасы Анастасия Зеленая (Шарф) өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Әлеуметтік желідегі жарияланымда ол кінәлілерді әділ жазалау үшін күресті жалғастыратынын, азаматтық сот процесі жүріп жатқанын атап өтті.

"Біз сот-медициналық сараптама жасалады деп күтіп отырмыз... барлығын аяқтағаннан кейін мен міндетті түрде күресті жалғастырамын", - деп жазды ол.

Нұр-Сұлтандық екі жасар қыз тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түскен. 2019 жылдың 26 ​​желтоқсанында болған оқиғаны қыздың анасы хабарлады.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер Нұр-Сұлтанда комаға түскен екі жасар қыздың жағдайы туралы айтты

Тексеру көрсеткендей, жалпы наркоз кезінде балаға "Мепивастезин" беріп анестезия жасаған. Бұл препаратты төрт жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды.

Сарапшылардың пікірінше, қыздың жағдайының нашарлауы анафилактикалық шокқа байланысты болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0