Оқиға

Нұр-Сұлтанда жеңіл автокөлік жол ортасында жанып кетті – видео

© Photo : @nur_sultan_sergekБөгенбай батыр даңғылындағы апат
Бөгенбай батыр даңғылындағы апат - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Жүргізушілердің бірі бағдаршамның қызыл шамын елемей, қиылыстан өтіп кеткен. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті, бір көлік өртенді

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Сейсенбі таңертең Нұр-Сұлтанда екі жеңіл автокөлік пен автобус соқтығысты.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға мәлімдегендей, оқиға Республика мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында шамамен 06.25-те болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нур-Султан🚔Сергек●24/7 (@nur_sultan_sergek)

20 жастағы "Лада" жүргізушісі Дүкенұлы көшесі жағынан Республика даңғылымен келе жатып, Бөгенбай батыр даңғылымен қиылыста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Салдарынан 60 жастағы жүргізуші басқарған Hyundai Elantra-мен соқтығысты.

Ал Hyundai инерциямен қиылыста тұрған жолаушылар автобусына қарай ұшып кеткен. "Лада" өртеніп кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан  "Лада" мен Hyundai жүргізушілері жарақат алды. Дәрігерлердің тексерісінен кейін екеуі де үйіне жіберілді.

Бұл факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0